Тақырып: Қазақ әдебиетінің дамуы

Предмет: Обществознание
Категория материала: Презентации
Автор:

Қазақ халқының әдебиеті күрделі даму жолынан өтті. Бізге батырлар жырлары, айтыстар, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, т.б.түрлерінде аса бай ауыз әдебиеті нұсқалары жеткізді. Жазба әдебиетінің негізін салушы Абайға дейін Сыпыра жырау, Қазтуған, Асанқайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жырау, Махамбет, Абыл, Қашаған, Шөже, Мұрат, Сүйінбай, Орынбай, т.б.ақындардың шығармалары халық арасына кең тарады.Рухани мәдениетті құрайтын қазақ әдебиеті түрінде ғана емес жазба әдебиетте қалыптаса бастады.

•Оның жарқын өкілі Абай Құнанбаев(1845-1904)болды. Қазақ мәдениетіндегі Абайдың данышпандығы қазақтың халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінен бастау алды. •Рухани қасиеттер – адам өміріне  қажетті нәрселер,міне, осылар»,дейді Абай өзінің«Қара сөздерінің»бірінде. •Қазақтың әдеби тілінің дамуына XX ғасырда ерекше мән беріле бастады.               А .Байтұрсынов басшылығы мен құрылған Академиялық орталық қызметінің басты бағыттары болып, қазақ тілінің ғылыми терминдерін дайындау, бірінші және екінші сатыдағы қазақ мектептері үшін қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазу, қазақ тіліне саяси-ағарту әдебиетін аудару саналды. Бұл орталық жұмысының нәтижесінде  Қ. Сәтбаевтың « алгебрасы » А.Байтұрсыновтың «Хрестоматиясы». М.Жұмабаевтың «Педагогикасы» жазылды.Қазақ көркем өнер әдебиетінің үлгілерін оқып-үйреніп,сақтаумен қатар, этнографиялық зерттеулер жүргізу ісімен М,Әуезов, Х .Досмұхамедов,М.Тынышбаев1922 жылы ұйымдастырған қазақ мәдениетін қорғау қоғамы «Талап» айналысты. •1920-1930 жылдары қазақтың бейнелеу өнері дүниеге келді. Қазақтың тұнғыш кәсіби суретшілер Ә.Қастеев, А.Ысмайылов ағайынды Қожақовтар т.б. Өздерінің шеберліктерін осы кезеңнен бастап шыңдай бастады.Олардың бәрі арнаулы білім алып,Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.

Мұхтар Әуезов шығармашылығы – қазақ әдебиетінің классикалық мұрасы мен өткен дәуірдің алтын дәстүрлері арасындағы байланыстың жарқын айғағы. Ол алғашқыларының бірі болып, қазақ әдебиеті тарихын, ертегілерді, айтыстарды батырлар жырларын зерттеген. Қазақ  кеңес әдебиеті 30 жылдары үлкен жетістіктерге жетті. 1936 жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі үлкен қошеметпен болып өтті.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.06 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 146

Похожие материалы