Тақырып: MS Excel – де жұмыс істеу

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Пәні:  Компьютерлік технология

Сабақтың тақырыбы:    MS Excel – де жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

                  Білімділік: Электронды кестені есептеулерге қолдана отырып студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

                  Тәрбиелік:  икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

                  Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту  (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)

Сабақты  өту  әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл

Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі

Көрнекі құралдар: компьютер 

Әдебиеттер:  В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»

«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «MicrosoftWord текстовый редактор» Питер.  2001 ж. OCWindows 98, 2000,  XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин  «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии»  «Всемирная паутина WWW» Питер.  2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы  информатики  и  вычислительной техники» 

10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.

В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «MicrosoftAccess» Питер. 2000 ж.

Сабақтың барысы мен мазмұны

  1. Ұйымдастыру кезеңі

         а) ұйымдастыру  кезеңі

         б) үй тапсырмасын сұрау

         в) бағалау

         г) жаңа  сабақ

         д) бекіту

         е) үйге  тапсырма

         ж)  қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ  басталған соң баларды  ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Электронды оқулық

3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру

Электронды кестені есептеулерге қолдану

Excel пайдаланушы ұяшыққа енгізетін формулалар негізінде есептеулерді орындайды. Формуланы енгізу аяқталғанда, ол өзі емес, формула бойынша есептеу нәтижесі бейнеленеді. Барлық формулалалар «=» таңбасынан басталады.

Өрнекті Excel-де есептеу кезінде опреаторлар келесі ретпен орындалады:

1.     Жақшалардағы өрнектер

2.     Терістеу (мысалы:-2)

3.     Пайызды есептеу (% таңдасы)

4.     Дәрежелеу (^ таңбасы, мысалы 3^2=9 )

5.     Көбейту (* таңбасы)немесе бөлу (/ таңбасы) (мысаыл: 10*2/5 = 4)

6.     Қосу (+ таңбасы ) немесе  азайту (- таңбасы)

 

Формулаларды пернетақтадан енгізу:

1.     Формуланы енгізуге керекті ұяшықты белсенді етіңдер

2.      «=» таңбасын қойыңдар да формуланы енгізіңдер (мысалы: =В5*С5) (9.1 сурет). Енгізу шамасы бойынша ол екі жерде пайда болады: ағымдағы ұяшықта және формулалар жолында

3.      Мәліметтерді енгізгеннен кейін Enter-ді немесе формулалар жолындағы Ввод  батырмасын басыңдар

 

9.1 сурет. Формуланы енгізу

 

Маус көмегімен формуланы енгізу:

1.     Формуланы енгізуге керекті ұяшықты белсенді етіңдер

2.     «=» таңбасын қойыңдар

3.     Ұяшыққа сілтемені енгізу үшін сол жіберілуге керек болатын ұяшық бойынша шертіңдер. Ал тұрақтыны немесе операторды (+, -, *, / және б.) енгізі үшін оларды пернетақтадан аласыңдар.

4.     Формулалар жолына формула пайда болғанша қадам 3-ті  қайталаңдар.

5.     Мәліметтерді енгізгеннен кейін Enter-ді немесе формулалар жолындағы Ввод  батырмасын басыңдар

Автоқосынды

Қатар тұрған ұяшықтардың қосындысын есептеу үшін Автоқосынды (Автосумма) командасын пайдалануға болады. Ол үшін керек:

1.     Қосындысы табылатын ұяшықтарды ерекшелеу

2.     Стандарттық тақтада Автоқосынды  батырмасы бойынша шертіңдер

3.     Нәтиже осы қатарда немесе бағанда жақын бос ұяшықта жазылады

Автоқосынды батырмасы тек ұяшықтардың қосындысын есептеуге ғана емес, сондай-ақ олардың арасындағы арифметикалық, ең кіші және ең үлкен мәндерді және т.б. табуға мүмкіндік береді (9.2 сурет).

 

9.2 сурет. Автоқосынды командасы            

Басқа операцияларды таңдау үшін:

1.     Операция жүргізуге болатын барлық ұяшықты ерекшелеу

2.     Стандарттық тақтада Автоқосынды  батырмасының    таңбашасына шертіңдер

3.     Керекті операцияны таңдаңдар

4.     Нәтиже жақын арадағы бос ұяшыққа жазылады

Мәліметтерді сұрыптау

Excel-де мәліметтерді сұрыптаудың екі түрі бар:өсу бойынша сұрыптау және кему бойынша сұрыптау. Тек сандық мәндерді ғана емес, алфавит бойынша символдық және хронологиялық ретпен даталарды да сұрыптауға болады.

Мәліметтерді сұрыптау үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:

1.     Мәліметтерін сұрыптауға керек болатын ұяшықтарды ерекшелеңдер

2.     Егерде сұрыптау өсу бойынша жүргізілсе, онда Стандарттық тақтада  батырмасы бойынша, ал егерде кему бойынша жүргізілсе, онда Стандарттық тақтада  батырмасы бойынша шертіңдер 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 748.01 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 117

Похожие материалы