Технология "Құрақ құрау технологиясы құрақ түрлері" (5-сынып)

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Құрақ түрлері, тігілу жолдары, қолданылуы

       Сабақтың мақсаты: құрақ түрлерін таныстырып, өздері құрай білуге үйрету, өнерді бағалауға, салт-дәстүрге баулу, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

        Сабақтың көрнектілігі: құрақ түрлеріне арналған буклет, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ жазылған плакаттар.

       Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, қазақ әдебиеті, математика.

       Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, ине, жіп, қарандаш, сызғыш, түрлі-түсті қағаз, үлгі, мата қалдықтары.

       Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақты тексеру    

     Бүгінгі сабақтың мақсаты құрақ құрау әдісін меңгеру. Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылытын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішіндегі ең ертен келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығатын болады. Құраққа әр түрлі матаның қиындыларын пайдалануға болады, әсіресе мақта матасынан жасалған құрақ төзімді болады, әрі жуылғаннан кейін қыртыстанбайды. Барқыт, шибарқыт, драп құрақ құрауға өте қолайлы және тиімді. Құрақ әртүрлі геометриялық фигуралардан тұрады. Бүгінде көрпе, жастық, жұмсақ ойыншықтар, шағын көрпешелер, әртүрлі естелік бұйымдар жасауда құрақ кеңінен қолданылады. Құрақтың бірнеше түрі бар: сегіз жапырақ, қызғалдақ, тырнақ қатар, ботагөз, шаршы т.б. Осы құрақтар сан алуан қиықтардан тұрады. Құрақты құрау кезінде қойылатын талап- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеуіміз керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалаңдығына қарай іріктеліп алынады. Матаны үлгі бойынша қию үшін тегіске кететін қосымшаны 0,5-1 см артық алып, матаның шығымдылығын ескерту керек және түр үйлесімділігін ұмытпаған жөн.

 Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі- ысырап болса, өнердің бұл саласы да сол ысырапшылдыққааа жол бермейді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 39 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 121

Похожие материалы