Технологиялық карта "Білгішбектің сандығы"

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімі: Сауат ашу, Тіл дамыту.

Тақырыбы: Білгішбектің сандығы.

Мақсаты: Дыбыстар, сөз туралы білімдерін бекіту. Сөз құрамына дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, дыбыстардың айтылуы ерекшелігін дағдыларын тиянақтау. Дидактикалық ойын арқылы ой-қиялын дамыту. Балаларда сыйластық сезімдерін, бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Бәлгішбектің суреті, сандық,доп, қызыл және көк фишкалар, буындар, дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталған сөздерге арналған суреттер, карточкалар.

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

- Балалар, бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Ендеше бәріміз келген қонақтарға сәлем беріп алайық.

- Дұрыс, балалар достығымыз жарассын, әрқашан тату болайық.

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Келіп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіз бе! Есенсіз бе! Амансыз ба!

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қай ай?

- Аптаның қай күні?

- Бүгін сауат ашу сабағымыз ерекше болады. Сендер зейінді, тиянақты болып жақсы қатысып отырыңдар.

-Балалар дыбыстарға байланысты қандай жұмбақ, тақпақ, жаңылтпаш білесіңдер?

- Қәне, шешуін кім табады?

- Неге «А» дыбысы?

- «Н» дыбысы екенін қайдан білдіңдер?

- Ал енді, балалар, еске түсірейік дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс қалай айтылады?

- Білетін дауысты дыбыстарды атап беріңдерші?

- Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

- Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

- Дауыссыз дыбысқа нелер кедергі жасайды?

- Дауыссыз дыбыстарды атаңдаршы?

- Дауыссыз дыбыс қандай түспен белгіленеді?

- Ал сөз дегеніміз не, сөз неден құралады?

- Жақсы, ендеше «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнайық.

Ойынның шартын түсіндіру.

- Мен кез келген балаға сөз айтып допты лақтырам, ол маған қимылды білдіретін сөзді айтып, допты маған қайтарады. Мысалы: алма, көктем, жаңбыр т.б.

- Балалар сендерге дыбыстар елінен, Білгішбек сандық беріп жіберіпті, ішінде не бар екен, бірақ ол жабық екен. Сандықты ашып ішінде не барын көру үшін, Білгішпектің тапсырмаларын орындау керек. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?

1-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Кім зерек?». Тәрбиеші балаларға кызыл, көк түсті фишкаларды алдарына қоюларын сұрайды.

- Егер мен дауысты дыбыс айтсам, қызыл түсті, дауыссыз дыбыс айтсам, көк түсті көтересіңдер, - деп тапсырма береді. Мысалы: а, к, с, ң, і, е, ә, ө, ү, ү, м, о, р, ғ, н, т.

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Дұрыс бөл»

Тәрбиеші әртүрлі заттардың суреттерін көрсетіп айтады. Мысалы: ұшақ, доп, ағаш, пияз, дөңгелек, құмыра, мысық

3-тапсырма: «Сөзге дыбыстық талдау жасау».

- Тақтада тұрған сөзді оқып, дыбыстық талдау жасап беріндер.

4-тапсырма:

Сергіту жаттығуы:

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

5- тапсырма.

Жек жұмыс:

-Мына карточкаларда ортасында әріп берілген, ал жан-жағындағы суреттерден басында сол дыбыс болса, сызықпен сәйкестендіресіңдер.

Тапсырманы орындамас бұрын саусағымызға жаттығу жасап алайық.

Саусаққа жаттығу:

Жұма күні апам менің

Қамыр илеп қояды.

Жеті шелпек пісіруге

Даяр етіп алады.

Жаюға мен көмектесем,

Біреу, екеу, үшеу, төртеу,

бесеу, алтау, жетеуі

Тәрбиеші балаларға карточкалар таратып береді - Балалар осымен, біз Білгішбектің тапсырмаларын орындадық. Сандығымыз ашылдыма көрейік. Ашылды ішінде Жұлдыз бар екен. Бұл Білгішбектің сендерге қойған бағасы. Жарайсыңдар, балалар!

- Қазір жыл мезгілі көктем.

- Сәуір айы.

- Аптаның екінші күні –сейсенбі.

Балалар текшелерін көтереді, ойынды қызыга ойнайды.

- Мен жұмбақ айтамын.

Қар да бар,

Бор да жоқ.

Жар да бар,

Ор да жоқ.

- Бұл «А» дыбысы.

- Мен тақпақ айтамын. Нан қиқымын жимаған,

Нағыз «надан» дейді атам.

Нанды шашпай жинаған,

Нағыз «адам» дейді атам.

-Бұл тақпақта «Н» дыбысы көп айтылады.

- Мен жаңылтпаш айтамын.

Шымшық, шымшықты шымши ма, шымшымай ма?

- Жаңылтпашта «ш» дыбысы көп айтылады.

- Дыбысты естиміз, көреміз, айтамыз.

- Дыбыстар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді.

- Көк түспен.

- Сөз дыбыстардан құралады.

- Алма жедім.

- Көктем келді.

- Жаңбыр жауды т.б.

Сандыққа қызығушылықтарын білдіреді.

- Ия, орындаймыз.

Фишкаларды алдарына қояды.

Дауысты дыбысты айтса қызыл түсті фишканы, дауссыз дыбыс айтса көк түсті фишканы көтереді.

Балалар қол шапалактау арқылы сөздерді буынға бөледі, неше буын бар екенін айтады

Берілген сөздерді оқып, дауысты, дауыссызға бөліп, көк, қызыл фишкалармен белгілейді.

Балалар сергіту жаттығуын іс қимылмен орындайды.

Мұқият тыңдайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44.5 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 124

Похожие материалы