Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Искакова Лаззат Мукашевна
|
Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Использование на уроках казахского языка и литературы инновационных технологий отечественных и зарубежных педагогов,для развития творческих способностей детей.
Өз білімін жетілдіру тақырыбы:«Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологиялар арқылы
оқушылардың шығармашылығын дамыту»Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім
беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық қабілеттері, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Зерттеудің мақсаты –Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.
Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой - өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу.
Жалпы орта білім беру жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушылардың шығармашылық қалыптастыру негіздерін айқындау.
2. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларының мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Қазақстан Республикасындағы елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты оқушылардың шығармашылығын қалыптастырып, жеке тұлғаның сапалық қасиеті, құндылық бағдары ретінде мәні мен мазмұны ашылса және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; оқушылардың субъект ретіндегі дербес шығармашылық мүмкіндіктері жүйелі түрде танымдық қызығушылығына сай ұйымдастырылса және дидактикалық тұғырлары анықталса; шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның субъектілік және қоғамдық мәнін арттыратын өзегі ретінде танылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, инновациялық процесс қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің жетекші идеясы: Білім берудің жаңа оқыту жағдайында оқушылардың шығармашылық қалыптастырудың
теориялық негізі, инновациялық-дидактикалық әрекеттің құндылық бағдары, өзегі ретінде танылуы – оқушылардың шығармашылық іс-әрекет мәнін терең ұғынып, танымдық қызығушылықтарына сай, рухани, интеллектуалдық жетілуі іске асып, жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туындайды.
Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу,әңгімелесу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
.Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық педагогикалық еңбектері.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 17.5 Mb |
Количество скачиваний: | 11 |