Тема урока: Сандык есептер
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Искакова Лязат Есмуратовна
|
Алматы облысы Панфилов ауданы Үлкен Шыған орта мектебі Искакова Лязат Есмұратқызы химия-биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер
Сабақтың мақсаты
Негізгі топша металдарының және бейметалдарының атом құрылысының салыстырмалы сипаттамасы туралы алған білімдерін тереңдете отырып, оқыту тиімділігін арттыру мақсатында тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін іске асыру. PISA халықаралық зерттеуінің типтік тапсырмаларын қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жүргізуге, белсенді оқыту стратегиясын пайдаланып, оқушылардың функционалдық қабілеттерін дамыту, сандық есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
Сілтеме
Химия 10 сынып, ХЭПЖ таблицасы, слаидтар, интербелсенді тақта, үлгілер.
Оқыту нәтижелері
Оқушылар сын тұрғысынан ойланып, бір-бірімен диалогқа түсіп, тапсырмаларды топпен орындайды. Формативті және критериалды бағалау арқылы білімдерін қорытындылайды. Өз бетінше жұмыс жүргізіп, белсенді оқыту стратегиясын пайдаланады, оқушылардың функционалдық қабілеттері дамиды.
Түйінді идеялар
«Негізгі топша металдарының және бейметалдарының атом құрылысының салыстырмалы сипаттамасы» тақырыбын және сандық есептердің шығарылу жолдарын түсініп, меңгерді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері: диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, бағалау
Білу
Тапсырмалар
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Ынтымақтастық атмосферасын құру, сабаққа қызығушылығын арттыру
Сыныпты «Жартыңды тап» Химиялық элементтер аттары бойынша 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау
Сөзжұмбақ «Металдар»
Жаңа сабақты ашу
Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? - Түсіну, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім? - Тірлік , тілек, адамдық.
Әрбір сөзім? - Шындық, бірлік, адалдық!
«Мағынаны тану»
«Ауыр металдар», «Жеңіл металдар» тапсырмаларын шешу
«Ойлан, жұптас, бөліс»
«Бейметалдар», «Галогендер» тапсырмаларын шешу
«Химиялық лото»
Металдардың химиялық қасиеттеріне негізделген тапсырмалар Тапсырма. Ойын картасында заттардың 12 комбинациясы және 12 сәйкес реакциялардың шыққан өнімдері жазылған карточкалар берілген. Осы реакцияларды сәйкестендіріп коэффициенттерін қояды.
«Қане ойланайық...» сандық есептер шығару
1 топқа тапсырма №1 Құрамында 65%мырыш және 35%мыс бар 10г құйманы артық мөлшерде алынған тұз қышқылына салған. Реакция аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні суалтқан. Қандай тұз түзілді? Оның массасы қандай?
№2 Массасы 2 г әктасты күйдіргенде 336 мл (қ.ж.) көмірқышқыл газы түзілді. Әктастағы қоспаның массалық үлесі қанша?
2 топқа тапсырма №1 Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6г темір пластинкасы салынды. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасы қандай?
№2 Маасасы 568 г фосфор (У) оксидін алу үшін жұмсалатын оттектің (қ.ж.) көлемі?
3. топқа тапсырма №1 Электр шамындағы сым қиын балқитын металл вольфрамнан жасалған. Оны вольфрам (ІУ) оксидін сутекпен тотықсыздандырып алады.Осы реакцияның теңдеуін жазып, егер реакция өнімінің шығымы теориялық мүмкіндіктің 90%
-тін құрайтын болса, 36,8 г металл алу үшін қанша көлем сутек қажет екендігін есептеп шығарыңдар.
№2 массасы 450 г көміртек (ІУ) оксидін алу үшін жұмсалатын оттектің (қ.ж.) көлемі қанша?
4. топқа тапсырма №1 Массасы 78г жез /латунь/ құймасы
/Си + Zn/ 13,44 л /қ.ж./ тұз қышқылынан газды ығыстырады.
Құймадағы мыстың массалық үлесін /%/ табыңыздар.
№2 Массасы 28г кальций оксиді 2 моль азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін кальций нитратының массасы қаншаға тең?
Бейметалл мен металдан,
Денелерім құралды.
Тіршіліктің бәрі де ,
Элементтерден тұрады – деп бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз
Бағалау критерийлері
Топ ережесінің сақталуы
Тақырыпты өмірмен байланыстыруы
Химиялық реакция теңдеулерін жаза білуі, теңестіруі
Сандық есептерді шығара білуі
Рефлексия
Тақырып бойынша кері байланыс жазу
Бүгінгі тақырып қиын болды ма?
Тақырыпты меңгеруге кімнің көмегіне сүйендің?
Келесі тақырыпта нені білгің келеді?
Үйге тапсырма
Келесі тақырыпты оқып келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 42 Kb |
Количество скачиваний: | 34 |