«Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар», 9 сынып
| Предмет: | Физика |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
Сапакбаева Гульжан Мейрамгалиевна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
"Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тербеліс ұғымына басты мәліметтер беру және оның мағынасы қандай екендігін түсіндіру. Тербелмелі қозғалыстың түрлері, негізгі сипаттайтын шамаларының ролін және оның түрлерінің өзара әсерлесу периодына жиілігіне байлансытылығын сипаттап беру. Білімділік: Тербелмелі қозғалыс туралы, тербелмелі қозғалыстардың басқа қозғалыстардан ерекшеліктеріне, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамаларға түсінік беру. Тәрбиелік: Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа,зейінділікке, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды танымдық және практикалық іс- әрекетте дұрыс әдіс-тәсіл жасауға үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінен жұмыс істеу біліктерін, есте сақтауын, ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру, физикалық теориялардың,олардың элементтерінің,ұғымдардың модельдерін,заңдарды қолдану,шекаралары туралы білімді қалыптастыру.Құбылыстарды салыстырып,қорытынды жасай білу, тәжірибелі фактілер мен эксперименттердің мәнін көрсету. Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақты өткізу әдістері: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау,зерттеу,өз бетімен ізденіс жұмыстары,салыстыру,эксперименттік жұмыс Сабақтың көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта,презентация, флипчарт, анимациялар ,сағат, метроном,іштен жану двигателінің моделі,Күн жүйесінің , планеталардың,Жердің жасанды серігінің қозғалысын компьютерлік моделдеу,математикалық маятник,электронды оқулық, серіппе, жүктер,домбыра Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, математика, биология. Аймақтық компонент : Семей Ертіс өзені ,көпір Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Интерактивті тақта,флипчартты қолдану арқылы арқылы суреттер, анимация арқылы сұрақтар бойынша үй тапсырмасын тексеру ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту Оқушылардың шығармашылық жұмысын қорғау (презентация,видеоролик) Эксперименттік тапсырма Есептер шығару Қорытындылау
| Тип материала: | Архив RAR (rar) |
|---|---|
| Размер: | 21.73 Mb |
| Количество скачиваний: | 21 |