Здесь была ссылка на работу Тест жинағы 2-3 сынып автора Жумабекова Куаныш Багитжановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жалпы білім беретін орыс мектептерінің 2 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша тақырыптық тест тапсырмаларының жинағы. Құрастырған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы Тест – дүние жүзіндегі ең қолданылып жүрген бақылаудың бір түрі. Бірнеше тест түрлері бар. Олардың ішіндегі ең тиімділерін сабақ үрдісінде тақырыптар мазмұнына сай пайдалану үшін бірнеше үлгісі ұсынылады. Олар: баламалық, таңдамалық, қосымшалық, жұмбақтық, толықтырмалық, өлшемдік. Жалпы білім беретін орыс мектептерінің 2 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша тест тапсырмаларыны жинағының басты мақсаты- 2 сынып оқушыларына мемлекеттік тілді меңгертуде оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге, аталмыш жинақты 2 сынып мұғалімдері жаңа тақырыпты бекіту, қорытынды бақылау жұмыстары, өткенді қайталау сабақтарын өткізу барысында жәрдем беруші оқу құралы ретінде пайдалануларына болады. Тест жинағы модульдер бойынша құрастырылған: 10 модуль ( 2 нұсқадан), оқу жылы бойынша қорытынды тест ( 3 нұсқа). Сұрақтар жалықтырарлықтай біркелкі құрастырылмай, оқушылардың қызығушылықтары мен ой-өрістерін дамытатындай етіп түрлендірген. Бұл тест тапсырмалары жинағында ҚР білім беру стандартымен қарастырылған лексикалық және грамматикалық минимум толығымен қамтылған.