Тест по химии на тему "Алғашқы химиялық ұғымдар"

Предмет: Химия
Категория материала: Тесты
Автор:

Бастауыш кластарда табиғаттануды оқып – үйрендіңдер, содан соң физика мен биологияны оқып – үйрене бастадыңдар, «физикалық дене» және «зат» ұгымдарымен таныстыңдар.

«Физикалық дене» және «зат» ұғымдарының айырмашылығын айқындау үшін табиғаттану және ботаника курстарынан физикалық денелердің, мысалы, гранит пен дәннің құрамы туралы мағлұматтарды естеріңе түсіріңдер. Гранит кесегі, дән – физикалық денелер, бірақ олар әр текті. Ботаника сабактарында дәннің крахмал, белок, өсімдік майларынан құралатынын, ал гранит болса, кварц, слюда және дала шпатынан тұратынын анықтағансындар. Кварц, слюда, дала шпаты, крахмал, белок, өсімдик майлары – бұлар заттар. Бірдей физикалық денелер (нәрселер) әр түрлі заттан дайындалуы мүмкін. Мәселен, пішіні бірдей түтік жасау үшін мыс та, шыны да пайдаланылады. Сондай-ақ әр түрлі физикалық денелер (нәрселер), мысалы, әр түрлі ыдыстарды жасау үшін бір ғана зат – шыны пайдаланылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 199

Похожие материалы