Тесты по истории 8 класс
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Кудайбергенова Замзагуль Садыковна
|
8класс тест
1.1905 жылы Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене қатысқан
А) Ә.Бөкейханов
В) А.Байтұрсынов
С) М.Тынышбаев
D) М.Дулатов
Е) М.Шоқаев
2.ХХ ғасырдың басында қоныстану қоры айналысты:
А) Патша реформасын жүзеге асырумен
В) Салық жинаумен
С) Зерттеу жұмысымен
D) Қазақтардың жерін тартып алумен
Е) Патшаның сауда саясатын жүргізумен
3.1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер
А) Ақмола
В) Семей
С) Қарағанды
D) Жаркент
Е) Орал
4.1905 жылы Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымының атауы
А) «Алашорда»
В) «Ынтымақ»
С) «Социал-демократиялық ұйым »
D) «Орыс-қырғыз одағы»
Е) «Большевиктер партиясы»
5.Отарлық ұлт аудандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған жыл
А) 1905 жылы
В) 1907 жылы
С) 1909 жылы
D) 1902 жылы
Е) 1900 жылы
6.ХХ ғасырдың басында 300-400 жұмысшысы бар ірі өнеркәсіпорны:
А) Көкшетау кен орны
В) Владимирск алтын кеніші
С) Асташево кен орны
D) Шымкент сантонин зауыты
Е) Успен кеніші
7.1906-1907 жылдарда патша үкіметі қазақтардан тартып алған жер көлемі
А) 4 млн десятина
В) 7 млн десятина
С) 12 млн десятина
D) 17 млн десятина
Е) 19 млн десятина
8.ХХ ғасырдың басында 15 десятинаға дейін егістік жері бар топ:
А) Батырақ
В) Өте кедей
С) Кедей
D) Ауқатты орта шаруа
Е) Кулак деп аталады
9.ХХ ғасырдың басында Жетісу өңірінде кулактардың үлес пайызы
А) 23 %
В) 25 %
С) 28,3 %
D) 21,5 %
Е) 20,1%
10.ХІХ ғасырдың І жартысында көшпелі қазақ халқының әдет-ғұрыптары ме салт-дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы
А) Карелин
В) Соловьев
С) Карамзин
D) Левшин
Е) Дальвич
11.«Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы
А) Н.Хлудов
В) О.Федченко
С) В.Верещагин
D) П.Кошаров
Е) Б.Смирнов
12.Ш.Уалиханов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының нұсқасын жазып алған ақын
А) Шөже
В) Жанақ
С) Шернияз
D) Үмбетей
Е) Сүйінбай
13.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі
А) Жетісудың шұрайлы өлкесі қызықтырды
В) Атамекеніне оралды
С) Қазақ жеріне басып кірді
D) Патшалы Ресейдің ұсынысымен көшті
Е) Цинь өкіметі қысым көрсетті
14.XIX ғасырдың 60 жылдары И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін қалай бөлуді ұсынды?
А) 4 облысқа
В) 2 облысқа
С) 3 облысқа
D) 5 облысқа
Е) 1 облысқа
15.1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ
А) Торғай облысы
В) Сырдария облысы
С) Ақмола облысы
D) Семей облысы
Е) Жетісу облысы
16.Кенесары көтерілісі көтерілісі кезіндегі орыс патшасы:
А) І Александр
В) ІІ Екатерина
С) І Николай
D) І Павел
Е) ІІ Александр
17.Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері
А) 2000 сом В) 1000 сом С) 500 сом D) 800 сом Е) 1500 сом
18.Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты
А) Әбілмансұр В) «Алапай» С) «Сабалақ» D) «Қожалақ» Е ) Дарабоз
19.1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды:
А) Ресейдің В) Хиуаның С) Жоңғарияның D) Қытайдың Е) Қоқанның
20.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:
А) 29 старшын В) 28 старшын С) 25 старшын D) 20 старшын Е)21 старшын
21.Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген:
А) Т.Чебуков В) В.Степанов С) В.Татищев D) М.Гагарин Е) А.Тевкелев
22.1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры:
А) Сәмеке В) Әбілқайыр С) Қайып D) Әбілмәмбет Е) Абылай
23.Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты:
А) Қазақ жасақтарын әлсіретіп, құрту
В) Бір мезгілде қазақтармен және Ресеймен соғысу
С) Қазақтармен экономикалық, сауда байланыстарын орнату
D) Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату
Е) Жоңғар әскерінің басымдығын көрсету
24.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер:
А) Қарақұм В) Ұлытау С) Ордабасы D) Сарыарқа Е) Түркістан
25.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған
А) Саяси мәселелер
В) Діни мәселелер
С) Жер мәселесі
D) Хандық биліктің жойылуы
Е) Әлеуметтік мәселе
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.09 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |