Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Акылбекова Тамара Какимхановна
|
Математика 2-сынып
Тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі.
Мақсаты:
Білімділік:Тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшеу және олардың ұзындықтарының табуға үйрету. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын, ауызша есептеу және логикалық ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: геометриялық фигуралар, ойындар, сызба- плакат, сызғыш, слайд
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап
Типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Мұғалім: Ал, балалар, Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы қандай болу керек деп ойлайсыңдар? Білімді, ақылды, тапқыр, талантты, тәрбиелі болуы керек?
Олай болса, сендер қазір сабақта өздеріңнің Егеменді елдің білімді ұрпақтары екендеріңді көрсетеді, деп сенемін. Ал білім алу үшін ең бастысы не керек деп ойлайсыңдар? Мықты денсаулық. Денсаулықтарың мықты болу үшін қыста спортпен шұғылданып, ойындар ойнау керек.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын атап беріңдерші? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Желтоқсан қыстың алғашқы айы екен. Қыс айларында қандай мерекелер бар?
Қыста өздерің ойнайтын ойын түрлерін атаңдаршы.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 24.6 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |