Тіл дамыту "Арыстан мен тышқан"

Предмет: Дошкольное образование
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі)

Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  • Ертегінің негізгі ойын ашып,
  • Балалардың ауызша сөздік
  • Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп

тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту.

қорларын дамыту.

жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау облысының картасы

сюжеттік суреттер, дидактикалық

материалдар

Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру.

а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық

Күй тартамыз күмбірлі

Ән айтамыз көңілді

Би-билейміз ырғақты

Біз бастаймыз сабақты

-Балалар,бүгін біз сабақта Маңғыстаувокзалынан ел ордамыз Астанаға саяхатқа шығамыз.

-Астанаға барып көргендеріңіз бар ма?

-Астанағанемен барамыз?

-Пойызды кім жүргізеді?

-Көмекшісін кім дейміз?

-Ал біздің билетімізді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?

-Балалар ,Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз тоқтайтын аялдамалар қалай аталады?

-Бекеттер.

-Дұрыс айтасыңдар, Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз бірнеше ірі аялдамаларға яғни бекеттерге тоқтайды. Әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек. Олай болса



Жолаушы азаматтар, Маңғыстау-Астана пойызына
қош келдіңіздер!


Пойызға міну үшін не керек?

-Билет

Билет алу үшін мынажұмбақ ты шешіп көрейік:

Нан атасы киелі

Барлығы ауыз тиеді

Ол не? ( бауырсақ)

-Дұрыс айтасыңдар, билетімізді алдық, .Енді Маңғыстау бекетінен пойызға мінеміз.

Бірінші аялдама бекеті.

Тапсырма: Үй тапсырмасы: Қайдан келдің бауырсақ? өлеңінің мазмұнын айту.

- Балалар бауырсақ бізге қалай келеді екен?

- Дұрыс, бауырсақ бізге жайдан-жай келмейді екен, ол көптеген адамдардың еңбектенуі арқылы келеді екен.

Актуалдау

-Жарайды балалар, үйге берілген тапсырманы да жақсы меңгерген екенсіңдер.

-Балалар, бауырсақтуралы қандай ертегіні білесіңдер?

-«Бауырсақ» ертегісі.

-Ол ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?

-Олар нелер?

-Тағы қандай ертегіні білесіңдер?

-Жыл басына таласқан жануарлар»

-Балалар еске түсірейікші, жыл басы не болып еді?

Ал бүгін біз осы жыл басы тышқанмен аң патшасы арыстан туралы ертегі өтеміз.

2бекет . Тапсырма: Жаңа сабақ.

Арыстан мен тышқан ертегісі.

Ертегіні сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіру

-Балалар ертегі ұнады ма?

-Ертегіден не түсінгендеріңді білу мақсатында келесі бекеттің тапсырмаларын орындаймыз.

3 бекет. Тапсырма: кубизм стратегиясы арқылы сұрақ-жауап жүргіземін.

Сұрақтар:

-Біз Астанаға барар жолдыңортасына да жеттік.

4 бекет. Тапсырма: Сергіту сәті

Бала,бала балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

5 бекет. Тапсырма: Кім жылдам? (топтық жұмыс) балаларды екі топқа бөліп, екі топтың біріне арыстанның, екіншісіне тышқанның суретті қиындыларын беріп құрастыру.

6 бекет. Тапсырма: «Ұшқыр ой» .Сұрақтарға жауап беру арқылы бір сөйлем құрастыру.

Мынау не?( арыстан)

Ол қандай аң? (жыртқыш)

Ол қайда мекендейді? (орманда)

Бір сөйлем құра. Арыстан жыртқыш аң. Арыстан орманда мекендейді.

-Балалар бірнеше аялдамалардың тапсырмаларын орындау арқылы Ел ордамыз Астанаға жеттік .Тапсырма: өлең

Арыстан

Мен мықты арыстан

Аңдардың патшасы

Жауымның алысқан

Күл болған қаңқасы

өлеңді балаларға 3-4 рет айтқызамын да, жаттаған балалардан сұраймын.

Бекіту

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі не туралы?

-Тышқан қандай аң?

-Сендерге тышқанның әрекеті ұнады ма?

-Ал сендер тышқанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

-Сонда балалар, айтқан сөзде, берген уәдеде тұру керек екенін ұқтық.

Бағалау

Міне балалар осындай қызықты тапсырмалардың арқасында Астанамызға қалай жеткенімізді білмей қалдық.Енді билеттеріңді таратып берейін. Билеттердің орнына қуанышты хабарлама таратамын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 109.47 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 152

Похожие материалы