"Тіл"-Валелогия пәні бойынша, ересектер тобы
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Абильгазина Меруерт Муратовна
|
Ересектер «Раушан» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Абильгазина.М.М.
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Валелогия
Тақырыбы: Тіл
Мақсаты: Тілдің дәм айыру аймақтарын көрсету.
Тамақтанғанда тілдің қызметін айту.
Билингвальдік компоненті: тіл-язык, дәмі-вкус, ащы-горький.
Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Дәлелдеп талаптану
Балалар бәріміз дөнгеленіп тура қалайық, қолымызда ұстасып алақанымызды бір-бірінізге қойып өзара жылулығымызды сездірейык, жақсы тілек, лебіздер айтайық.
Қайырлы күн!Әрқашан күн сөнбесін. Бізге күн жылуын берсін!Бәріміз аман болайық!
Балалар балабақшада кім жұмыс істейді?
Балалар дөнгеленіп түріп алақандарын қосып, жылы лебіз айтады.
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар «Валеология» елінің қартасына қарап, аялдама атын біліп, тістің қандай қызмет атқаратынын естеріне түсіріп, тамақ шайнағанда тілдің қандай көмек көрсететінін талқылайды Педагог тілдің әр түрлі қызмет жасайтынын айтады. Ол демалуға, тамақ ішкенде тамақты қозғауға, жылытуға, суытуға, жұтуға, өлең айтуға, сөйлеуге, күлуге көмектеседі.
Тамақ дәмін айыра алмайтын адамның тәбеті нашарлайды. Бұл-денсаулыққа зиян.
Тілдің көмегімен біз тамақтың дәмін ажыратамыз. Өте ыстық, суық тамақ дәм сезуді төмендетеді. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет.
Әліппе дәптерінен балалар тілдің дәм сезу аймақтарын қарайды. Тілдің әр бөлігі әр түрлі дәмді сезеді. Тілдің ұшы тәттіні сезеді. Бүйір жақ беті қышқылды және тұздыны сезеді. Тілдің соңғы жағы ащыны сезеді, сондықтан адамдар тамақты жұтқанда барып оның ащы екенін біледі. Адам дәмді тілдің үрпілері арқылы түйсінеді. Үрпілер тілге барқыт тәрізді түр береді. Егер адамның дені сау болса, оның тілі күлгін, таза болады. Егер ағза дұрыс дамымаса, тілдің бетін ақ, сары қабат жауып, тілініп тұрады.
Педагог балаларға тәжірибе ойынын ойнауды ұсынады. Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген ( қияр, құрт) бөлігін салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратадды.
Педагог балаларға лимонды көріп, ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар деген тапсырма береді. Балалар қандай күйге түскендерін айтады. Ауыз қуысына орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. «Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» деген сөз бар, сондықтан тамақ алдында қолды жуу керек. Көкөністі, жеммісті жуып жеу керек.
Психожаттығу:
Терең дем алып, дем шығару, босаңсу ( баяу, жәй әуен ойналады).
Тістің қызметі түралы түсінік алады.
Әліппе-дәптерінде тапсырма орындайды.
Қызығушылықпен ойын ойнайды.
Жаттығуларды орындайды.
Рефлекстік түзету.
Балалар бүгін сабақта не түралы айтылды? Немен сабақ ұнады? Қай жаттығуды орындау саған ауыр тиды?
Күту нәтижесі:
Білу: Тіл-сезім мүшесі.
Болу: Дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет.
Қолдану: Әліппе-дәптері, әр түрлі тағамдар, көкөністер, жемістер.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 33.46 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |