Тілім менің тірлігімнің айғағы
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нургалиева Гулжахан Емутбаевна
|
"Описание материала:
Сабақтың тақырыбы:«Тілім менің тірлігімнің айғағы»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тіл туралы үйрету,өз тілін қадірлеуге,қастерлеуге,өз тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Әдісі:Тіл туралы түсінік,өлеңдер оқу.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу,түгендеу. II.Тілім менің тірлігімнің айғағы (тіл туралы түсінік) Тілім менің тірлігімнің айғағы. Баба тілін қадірле, Болашақтан түңілме! Айналайын боздақтар Аралас тілге үңілме -деп,Қожаберген жырау жырлағандай ,тіл дегеннің- өзінде үлкен бір мағына ,терең ой бар екенін түсінеміз.Тіл – тек қана жеке тұлғаның, жеке адамның ғана емес,сол мемлекеттің ,сол ұлттың жемісі.Тіл-ол қарым-қатынас үшін керек құрал.Адамзат дамып-жетілуі үшін тілін білуі тиіс.Тіл арқылы үлкен жетістіктерге жетеді. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері бар,сол себепті қазақ еліне де ұлттық тіл керек болды.Сол үшін 1997 жылы 11 шілдеде қазақ елінің ана тілі болып-қазақ тілі қабылданды.Ал қазақ халқының ерекшеліктері тіпті мол.біздің тіліміз ,ол өмірдің барлық саласында қолданылуға тиіс.Мемлекеттік тіл Елтаңба,Әнұран тәрізді Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі.Әлемде 2055 тіл бар көрінеді.Қазақ тілі-өмірдің қай саласында да емін-еркін пайдалануға жарайтын,мүмкіндігі мол тіл. Қазақ-тілі өте бай,көркем тілдердің бірі.Ұлттық тіл қазақ халқының салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді.Қазақ тілі- ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан асыл мұрасы. Қазақ тілін білмеген Қазақстанның Әнұранын айта алмайды.Ана тілін білмеген адам өз ұлтының рухани құндылықтарынан мүлде ада қалады.Оның жырын жатқа білмейді.Аңыз-әңгімелерін керек қылмайды.Әдет-ғұрпын ескіліктің қалдығы деп ескермейді.Ата-бабасының аруағын құрметтей алмайды. Өз ана тілін білмеген адамның патриоттық сезімі де төмендеу келеді.Қазақ тілін білмеген адам қазақ жерін қорғайды деу қиын.Қазақ тілін сүймеген адам,Отанын да ,анасын да сүймейді.Егер бүгінгі оқушылар мен жастарымыз қазақ тілінде сөйлемесе,аға буын өмірден өтіп болған кезде қазақ тілі мәңгіге жойылады.«Қазақ тілінде менен басқалар сөйлесін» деп ойлау-әрі ұят,әрі үлкен қателік.Басқа тілге жалтақтай, өз тілімізді қадір тұтайық.Сондықтан ана тілімізге құрметпен қарайық!Келесі оқушылар тіл туралы білетін өлеңдерімізді айтамыз. 1.Тілім арым, ол меің мақтанышым, Ризамын жүрекке от жаққаны үшін. Тіл адамның қаруы,қазынасы, Туғанбыз соны баста сақтау үшін. (Жалғас Абылай) 2.Тілің барда сен барсың,жоғалмайсың, Өз тіліңсіз бәрі бір оңалмайсың. Көп тілді біл,сүй бірақ өз тіліңді, Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың. (Жаңбырбаев Руслан) 3.Ана тілім- ардақтым, Сабырлы да салмақтым. Аздық етер өзіңе, Алғыс айтсам арнап мың. (Бурабаева Жұлдыз) 4.Қанатымды қақтырдым, Талабыма тақ тұрдым. Тұлпарым болып тулаған, Шабамын десем,шаптырдың. (Асанов Батухан) 5.Өзіңменен бір кемем, Жолығамын күнде мен. Өзіңсіз өмір білмеп ем, Өзіңмен бірге гүлдегем. (Егізбаев Нұрболат) 6.Айта берсем бітпейді, Оны айтпасам күтпейді. Бір жырым бар ойымда, Ойымнан еш кетпейді. (Жаукеева Жумагүл) 7.Кеңпейіл болдық,кең болдық. Белбеулі бостау кең қолтық. Қалжырап жатқан талайға, Қансырап жүріп ем болдық. (Исатаева Набира) 8…Неміс те келді еліме, Орыс та келді еліме, Грек те келді еліме, Кәріс те келді еліме. (Ибадулла Сәндігүл) 9.Жайғасты келіп жеріме, Отырғыздым төріме, Жайқалып өсті бәрі де, Тербетіліп керіле. (Жолдасбай Нұрдәулет ) 10.Нанды үйренді қазақша, Әнді үйренді қазақша -Мейлі,- дедім,- несі бар, Лайламай таза ақса. (Иснадинов Нұрталғат) 11.Балдар да тіл үйренді, Шалдар да тіл үйренді, Бір күндері о,тоба, Қазақ тілден жиренді. (Қожбанова Айдана ) 12.Істейсің бе қызмет, Орысшаны тіліп өт, Білмесеңіз бұл тілді, Көрсетілмес құрмет. (Қошахарова Айзада) 13.Сені ұмыта бастадық, Орысшаны жаттадық. Күндіз-түні жастанып, Оқи бердік бас салып. (Мырзағалиева Асима) 14.Апа деген “мама” боп, Әке деген “папа” боп, Айта берсем,кешіргің. Алдында бізден қате көп. (Мұханбердиева Динара) 15.Бәрі содан басталды. Орысша құрдық жоспарды. Өйтіп бүйтіп не керек, Орысшаладық жастарды. (Нурбаев Нахим) 16.Тілді ұмытты талайы, Дінді ұмытты талайы. Иман жүзді қазағым, Болып алды анайы. (Теміров Дінмұхамбет) 17.Ана тілім осылай, Сарсаңға түсті басым-ай. Еске түссе жүрегім Дүрсілдейді басылмай... (Төленбергенова Мөлдір) 18.Егемен болдық,ел болдық, Жер жүзімен тең болдық Құдайға шүкір,көбісі, Аса алмайтын бел болдық. ( Туркешов Мұхит) 19.Құдайдың бұл да көргені, Болмадық басқа ұлт ермегі. Өзің бол енді құрметтім. Қадірлейтінім төрдегі. (Ордабаева Әсия) 20.Тұғырлы болсын тұрағың. Жарқырап жансын шырағың Өзің арөылы халөыма Басымды иіп тұрамын. (Омарғалиев Әмірхан) III.Қорытындылау. Осымен бүгінгі тіл туралы тәрбие сағатымыз аяқталды.Тілді қадір тұтып,өз ана тілімізде жақсы сөйлеуіміз керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 28 |