Толеранттылық пен діни шыдамдылықты қалыптастыру

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Мен мұсылмандар мен христиандар

 мекендеген елдің президентімін.

 Менің отандастарым да, сайлаушыларым да – солар.

Ендеше, олардың діни сенімі ортақ. Сондықтан да мен үшін Құдай – біреу, бірақ адамдар оған әртүрлі жолмен жетеді.»

Н.Ә.Назарбаев.

 

Толеранттылық пен діни шыдамдылықты қалыптастыру.

              Қай ғасырда болсын, ұлт өмірін өркендетуші саналы да сауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі кең, төзімді  тұлғаны қалыптастыру – қоғам алдындағы басты міндет. Халық  өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы  адамгершілік, табандылық қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат етіп отырған. Өйткені өмір сүру қаншалықты күрделі болса, алдындағы мақсатынан айнымай, жолда кездескен қиындықты өз бетімен шеше алатын, адами мінез –құлық қасиеттерін басқара алатын өмір сүруге бейімделген, тұрақты тұлғаны  тәрбиелеу оңай мәселе  емес.

          Бүгінгі таңда жиі кездесетін толеранттық ұғымына тоқталатын болсақ,

«Толерант» сөзі (парсы тілінен аударғанда – «төзім») деген ұғымды, яғни төзімділік, шыдамдылық, қоршаған ортадағы жағымсыз әсерлерден жоғары қабілеттілікпен шыға білу дегенді білдіреді. Төзімділік көзқарасты жеке тұлға деңгейінде табысты қалыптастыру үшін төзімді  және төзімсіз тұлға арасындағы негізгі айырмашылықтарды ажырата білу өте маңызды. Төзімділіктің белгілері: тең құқылық, өзара сыйластық, аз ұлтты халықтың салт – дәстүрлері мен тілдерін сақтау, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ал төзімсіздіктің белгілері: біреуді қорлау, тіл тигізу, менсінбеу, елемеушілік, ұлтшылдық, т.б.

          Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап сенім мен діни бостандыққа заң жүзінде рұқсат берілді. Бұл туралы Ата Заңымыздың I бөлімінің 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Ендеше елімізде 130-ға жуық ұлт тұратынын ескерсек, олардың баршасына бірдей төзіммен қарау көзқарасы өз кезегінде қоғамдық сананың да өзгеруіне әкеледі деген сөз.

        Жалпы қазіргі таңда дін әлемдік (буддизм, христиан, ислам,) ұлттық (индуизм, синтоизм, иудаизм) т.б болып бөлінеді. Аталған дінді ұстанушылардың өзара қатынасы күрделі, қарама-қайшылыққа толы болып келеді. Көп жағдайда қазіргі таңда ұстанған діндердің әртүрлі болуынан адамдар, елдер арасында соғыс өрті тұтанып та жатыр.

          Еліміздің тәуелсіздік алуымен дін саласындағы ахуал да бірте-бірте өзгере бастады. Елімізде бұрын-соңды естімеген түрлі діни ағымдар ресми тіркеліп, өз жұмыстарын атқаруда. Қазіргі жастарымыз елімізге келіп жатқан түрлі діни ағымдар туралы нақты мәліметтер білмейді. Көп жағдайда алдауға түсіп, өздерінің дінін өзгертуде. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп, мектеп қабырғасындағы оқушыларды тәрбиелеуде қазіргі таңда елімізде, әлемде болып жатқан саяси оқиғаларды талдап, дұрыс түсіндіріп отыру қажет.

        Қазіргі таңдағы қауіп-қатерлердің ең бастысы халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм екені баршаға аян. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданды.

        Қазақстан - көпұлтты мемлекеттердің бірі. Еліміздегі тұрақтылық, бейбіт өмір, халықтар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастық – Қазақстанның мақтанышы. Сондықтан, қоғамның негізгі міндеті – оқушыларды толеранттық пен ұлтаралық ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

         Бүгінгі біздің алдымызда тұрған негізігі міндет: ел президенті атап көрсеткендей «Республикадағы қазіргі ұлтаралық жарасым ахуалын көздің қарашығындай сақтай білу – барлық ұлттың, әрбір азаматтың жауапты міндетін алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойынына алуы керек. Өйткені халқымыз ұлтаралық жарастықты, сыртқы дүниемен өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыра алса ғана өзінің өркениетті мемлекетіне ие бола алады» деген сөзі арқылы қазақ халқының атадан – балаға мирас болып келген рухан – имандылық қасиеттері бүгінгі жаһандандыру заманында қазақ елі өркениетті елдер қатарында болуына негізгі тірек болары сөзсіз деп сенім артады.

XX ғасырдың белгілі педагогі М.Ғ.Арынның «... бір ұлтқа тәндігіңді, соған жататындығыңды дәлелдегің келсе, сол ұлттың дінін әрі терең, әрі жақсы білуің керек» деген ойларымен түйіндегім келеді.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2000ж

2. «Патриоттық және толеранттық қасиеттерді қалыптастыру – Қазақстандық тәрбиенің басты бағыттары» тақырыбындағы облыстық  ғылыми – практикалық конференция материалдары

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.28 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 89

Похожие материалы