Толықтауыш
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Куттымуратова Дина Балмурзаевна
|
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Өтілген тарау бойынша оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: Жеке тұлғаның сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Сабақ барысында ынталыққа, белсенділікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру оқушылардың қатынасын, сыныптың тазалығын тексеру.
ә) Үйге тапсырманы сұрау
Әр топ бойынша сұрап, оқушыларды бағалаймын.
Жаңа тақырып. Толықтауыш
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бір ойды анықтау үшін, екіншісі ойды толықтыру үшін, үшіншісі ойды пысықтау үшін алынған сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз. Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекет , іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш та дара, күрделі және үйірлі болып келеді. Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш дейміз.
Күрделі сөздерден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз.
Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 331.78 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |