Торжественная линейка на тему "Война-Победа"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1.Мектептің АӘД пәнінің мұғалімі оқушыларды сапқа тұрғызады.

2.Ту енгізіледі.

3.ҚР әнұраны орындалады.

4.9 мамыр Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын (мектеп директоры О.Уранбаев), құттықтау сөз.

II.Салтанатты жиын барысы.

Кіріспе сөз сөйлеу үшін сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – У.А.Борамбаеваға беріледі.

Негізгі бөлім

Мазасыз музыка (Мерей)

1- жүргізуші

Қан кешкен майдандағы өңшең ізің

Иесін табу қиын көрсеңіз кім

Соғыстың бас аяғы есептелген

Барлығы – 1418 күн

2- жүргізуші

Злой враг напал внезапно

Торжествуя свою удачу

Молодой казах

Увидев врага, устремился вперед

Как выстреленная пуля

Зауре»Соғыс» Қ.Аманжолов, «Тыныштық болсын әлемде» (Ерназ)

1- жүргізуші

1941 жылдың 22 маусымында Фашистік Германия соғыс жарияламай Кеңес Үкіметінің территориясына басқыншылықпен кірді.

Шығыс Қазақстаннан барлығы 200000 адам шақырылса, ерлікпен қаза тапқаны 51,105 адам. Катон – қарағайдан ғана 7314 адам соғысқа аттанып, оның 4865 –і хабарсыз кеткен немесе аталусыз өлгені.

Ауданымыздан 6 адам кеңес одағының батыры атағына ие болды, 2 адам «3 дәрежелі», «Даңқ орденімен» марапатталған.

2- жүргізуші

Өлім барын ойласа

Төсі жерге жабысар

Елдің қамын ойласа

Ерлендірер намыс –ар.

Қуаныш «Соғыстың аты қандай қорқынышты»

1- жүргізуші

Арада қанша жыл өтті

Аңдамай жасы ұлғайды

Сыздатып түндер жүректі

Өткенін ойлап мұңдайды.

1- жүргізуші

Тауқыметін тағдыр – «жомарт» тосып алдан

Біздің халық кенже тумай тумай кеш қалған

Лаулап тұрып сөнген оттай жаңбырдан

Көз жасынан қаншама өшті ізгі арман.

Тұрар «Ұрпақ үні»

2- жүргізуші

Оты маздақ Отанымның құшағын

Сезсең ғана ыстық тартар ошағың

Отан барда өшпейді ғой ошағым

Омырауымды оққа қарсы тосамын.

1- жүргізуші

Кім қалар тірі, кім өліп

Белгісіз жұмбақ баяғы

Берлинге бір- ақ тіреліп

Бітеді соғыс аяғы

Арман «Сұрапыл соғыс біткен күн»

2- жүргізуші

Жер шыдамай соққыға

Жылаған күн – осы күн

Ер жыламай соққыға

Шыдаған күн – осы күн

1- жүргізуші

Батыр халық бақ қондырған құс қолға

Қуанамыз ақ көгершін ұшқанда

Сұм соғысты жерлеп қайтқан әкелер

Болған солай бізде әділ күш барда.

Қанат «Жеңіс деген»

2- жүргізуші

Ей, адамзат

Сұм апаттан сау қалдық

Құтқарылдың алапат

Жегісінен жалғанның

1- жүргізуші

Жеңістің дәмі қандай балдай тәтті

Сол күні ақ сүйінші деп айғайлатты

Жерімізге көзін салған Еуропа

Қазақтың ерлігіне таңдай қақты

Айымгүл «Жеңіс күні», Саятжан «Жеңіс»

2- жүргізуші

Сыр шертісер ардагерлер бүгінде

Мұң шертісер ардагерлер бүгінде

Бүгінгі ұрпақ құрметтейді оларды

Күлімде сен, бейбіт күнім күлімде

1- жүргізуші

Нұрын шашып жылда жеңіс көктем

Ұшсын еркін бейбіт күннің кептері

Ардагерлер кеткенімен өмірден

Өшпейді әсте ерлік кітап беттері

Ақбота «Жеңімпаздар тұлғасы»

2- жүргізуші

Наш народ не стал носить оков

Все на защиту встали, даже дети

За что чтоб мы могли спокойно спать

Шли в бой солдаты, не смотря на раны

И я от нас, детей хочу сказать

«Спасибо вам седые ветераны

Жеңіс үшін оларға тағзым етейік

Ізбасар боп көңілдерге жетейік

Қадау – қадау қалған осы жандарды

Төбемізге көтерумен өтейік

Ерназ «Бейбітшілік болса»

III. Салтанатты жиынды жабу

1.ҚР әнұраны

2.Туды шығару

3.Мектеп директоры салтанатты жиынды жабық деп жариялайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 95

Похожие материалы