Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
І тоқсандық қорытынды тест
Сабақ тақырыбы: І тоқсандық қорытынды тест
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін пысықтап, қорытындылау, жүйелеу.
Дамытушылық: теориялық білімдерін тест тапсыруда қолдана отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз ойын ашық айта білуге үйрету.
Сабақ түрі: сынақ сабақ.
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, тест тапсырмалары, жұмыс дәптерлері.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, талдау, бағалау, тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: математика.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
ә/ кабинет тазалығын қадағалау.
б/ жұмыс дәптерлерін үлестіру.
в/ Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
«Ойлан тап!» ойынын ойнау.
Тарауды қорытындылап, сұрақ қою арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру. Оқушыларға карточкалар таратылып, сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Тест жұмысы (30мин)
Тест жұмысы 1 - нұсқа.
1. Астрономия нені зерттейді?
а/ табиғат
в/ зат құрылысын
с/ ауа - райын
д/ аспан денелерін.
2. Аспап бөлігінің құнын анықтау үшін тұсына шамасының мәні жазылған шкаланың жақын жатқан екі сызықшасын тауып:
а/ үлкен мәнінен кіші мәнін шегеру керек
в/ үлкен мәніне кіші мәнін қосу керек
с/ үлкен мәнінен кіші мәнін шегеріп, шыққан санды олардың арасында жатқан бөліктердің санына бөлу керек
д/ үлкен мәнінен кіші мәнін шегеріп, шыққан санды олардың арасында жатқан бөліктердің санына көбейту керек.
3. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия бөлімі қалай аталады?
а/ космонавтика
в/ космогония
с/ космология
д/ космогелиос
4. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
а/ оны осы шаманың өлшеу бірлігі етіп алынған біртекті шамамен салыстыру
в/ оны кез келген өлшеуіш құралымен салыстыру
с/ таразымен салыстыру
д/ формула арқылы анықтау