Тоғыспалы ықпал (5-сынып) қазақ тілі

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы

Тоғыспалы ықпал

Сабақтың мақсаты

1. Тоғыспалы ықпалдың жасалу жолын меңгерту

2. Оқушылардың ой өрісін, сөйлеу шеберлігін дамыту , сөздік қорын молайту , шығармашылық ізденіске баулу,

3. Өз өнерін халық мүддесіне жұмсауды мақсат ету, елін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Нәтижесі

Тоғыспалы ықпалмен танысады,жасалу жолын меңгереді

Сілтеме

Қазақ тілі 5-сынып «Атамұра» Алматы,2012

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Көрнекілігі

Венн диаграммасы,

Сабақтың әдіс-тәсілдері

СТО стратегиялары ,

Пәнаралық байланыс

әдебиет

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

1.Топқа бөлу

2.Ұйымдастыру кезеңі

Бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушылар мәлімет береді

Түсіну

1.Үй тапсырмасын тексеру

2. Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің арасында кездеседі.

1.Аман келді- Амаң - гелді. нк-ңг

2.Қан қызыл- қаң ғызыл нқ-ңғ

3.Мен келдім-мең гелдім нк-ңг

4.Дос жаран- дошшаран сж-шш

Үй жұмысындағы жаттығудағы ілгерінді ықпалды тауып,жасалу жолын түсіндіреді.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Жаттығудағы тоғыспалы, ілгерінді,кейінді ықпалды табу

Оқулық бойынша жұмысты атқарады.

Талдау

Тест

1.Дыбыс үндестігінің неше түрі бар?

А.1; В.2; С.3; Д.4; Е.5;

2.Д. ү. Қазақ тілінің қай саласы қарастырады?

А.лексика. Д.синтаксис

В.фонетика Е. стилистика

С.морфология

3.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап.

А. арыстанда бар. Д.қырық жігіттің

В. күші бар Е. жігіттің жүрегі

С. жігіттің күші 4.Кейінді ықпалды көрсет.

А.Көрікбай Д.Ашса.

В.Көк гүл Е.Ала көз

Е.Жан пейіс.

5.Дыбыс үндестіне тән термин:

А алдыңғы ықпал

В Артқы ықпал

С жанындағы ықпал

Д ілгерінді ықпал

Е шеткі ықпал

6. Кейінді ықпалы бар сөйлемді тап.

А Пияздың дәрулігі адамға ежелден – ақ мәлім.

В. Оны әр түрлі ісікке, жараға пайдаланып келіпті.

С. Пияз неге ащы?

Д. Пияздың түрлері көп.

Е. Шөлдің сөлін тартқан пияз, жанның жарасын сормақ.

7. Тоғыспалы ықпалды тап

А.бара қалды.

В. ала кел.

С.он бес

Д. күн кешті

Е. қабы

8. Жіктік жалғауы жалғанғанда өзгеріске ұшыраған сөз:

А) дәптер

В) үй

С) қатар

Д) бала

Е) қап

9. Сөйлем ішіндегі тоғыспалы ықпалды тап:

А) Еш адамды күндемегін.

В) Аттар жайылып жүр.

С) Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі – сөйлей білу.

Д) Оның ерлігіне қайран қалдық.

Е) Сол сүйікті анаң емес пе?

10. Дыбыстық өзгеріске ұшырамаған сөзді тап:

А) бүгін

В) қағаз – қалам

С) тастай

Д) бізше

Е) біз келдік

Тест талдау

Жинақтау

Сұрақтар:

1) Үндестік заңы. Сингорманиз деген не?

2) Тіл үндестігі деген не?

3) Ерін үндестігі.

4) Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпалын қалай атаймыз?

5) Дыбыс үндестігінің түрлері.

6) Ілгерінді ықпалдың ерекшелігі.

7) Кейінді ықпал.

8) Тоғыспалы ықпал.

9) Дауысты дыбыстардың жіктелуі.

10) Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.

Сұрақтарға жауап береді

Бағалау

Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле.
Ж. Баласағұни

- Бүгінгі сабақта не үйрендім, не білдім?

Бүгінгі сабақтан нені біліп,нені білмегені туралы айтып өтеді.

Үйге берілетін тапсырма

249,253 - жаттығу

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.53 Kb
Количество скачиваний: 178
Просмотров: 754

Похожие материалы