Тұрақты токтың магнит өрісі.Магнит тізбегі.

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың магнит өрісі.Магнит тізбегі.

Сабақтың мақсаты: Тұрақты токтың магнит өрісі.Магнит тізбегі.

Білімділік: Магнит өрісі тақырыбы бойынша магнит тізбектеріне байланысты оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, анықтамалылық мәліметтермен жұмыс жасау.

Тәрбиелік: Болашақ мамандықтарын қадірлеу және құрметтеу қасиеттеріне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақты қамтамасыздандырылуы:

а)оқу-көрнекілік құралдар: карточкалар

б)үлестірмелі материалдар: сызба

Пәнаралық байланыс: Физика, Электрмеханика, электроника және микропроцессорная техника

Өз бетінше жұмыс: Қосымша құжаттармен жұмыс сұлбаны сызып үйрену.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Студенттермен амандасу

2.Балаларды түгендеу

3.Сабақа дайындығын тексеру

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

а) Білімдерін жан-жақты тексеру:

Электр құрылғыларымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері.

б) жаңа сабақты түсіндіруге дайындық:

Магнит өрісі тақырыбы бойынша магнит тізбектеріне байланысты оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

1.Тұрақты токтың магнит өрісі.

1.1Магнит тізбегі

1.2 Магнит өтімділігі

1. Тұрақты токтың магнит өрісі

Магнит өрісі туралы ұғымға ғылымда магниттелген денелердің немесе тогы бар сымдардың бір біріне тартылуы немесе бір бірінен тебілуі, тогы бар сымдарының магнит тіліне әсері, электромагниттік индукция құбылыстарына байланысты магнит өрістерін ұзақ бойы бақылап және уақыт зерттеулерінің нәтижесінде келді.

Магниттік құбылыстарды зерттеу және оларды іс жүзінде пайдалану мәселесімен көптеген орыс және шет елдік ғалымдар айналысты.Олардың қатарында орыс академігі Э.Х.Ленц (1804-1865), Б.С.Якоби (1801- 1874), француз физигі және математигі Ампер (1775- 1836) және т.б. болды.

Магнит өрісінің көзі – қозғалыстағы электрлік заряд, яғни электр тогы. Магнит өрісі – қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магниттік моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. “Магнит өрісі” терминін 1845 ж. ағылшын физигі Майкл Фарадей енгізген. Макроскопиялық магнит өрісінің көздері – магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады.

Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.

Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.

Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.

Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды. Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi.

Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы .

Лоренц күшiнiң модулi ұзындығы Δl өткiзгiш бөлiгiне әсер ететiн F күшiнiң модулiнiң өткiзгiштiң осы бөлiгiндегi қалыптасып қозғалатын зарядталған бөлшектердiң N санына қатынасына тең:

(6.5)

мұндағы q – бөлшек заряды, ν – олардың қалыптасқан қозғалысының жылдамдығы, – магнит индукциясы векторының модулi, α - жылдамдық векторы мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш.

1.1 Магнит тізбегі

Магниттік тізбек — магниттік ағын өтетіндей болып жалғанған магнетиктертізбегі; құрамы ферромагнетикзаттардан тұратын құрылғылар жиынтығы. Техникада магниттік ағын тек ферромагнетиктерден ғана өтетін (тұйық Магниттік тізбек) Магниттік тізбек және ферромагнетиктерден басқа диамагнетиктерде(мыс., ауа қабаты) таралған Магниттік тізбектер де бар. Егер Магниттік тізбектегі магнит ағыны тұрақты магнит арқылы қоздырылатын болса, мұндай тізбекті поляризацияланғанМагниттік тізбек, тұрақты магнит қатыспайтыны — бейтарап Магниттік тізбек деп аталады. Соңғы тізбектің магнит ағыны тізбек орамдарынан өткен электр тогының әсерінен ғана туады. Қоздырылатын ток сипатына қарай Магниттік тізбек тұрақты, айнымалы және импульстікмагнит ағындар тізбектеріне ажыратылады. Магниттік тізбек электр машиналары, трансформатор, тұрақты магнит, электрмагнит, электр өлшеуіш приборлар, т.б. жасау ісінде пайдаланылады.

1.2 Магнит өтімділігі

Магнит индукциясы тек токтың шамасының ғана емес, магнит өрісі туып тұрған ортаның да қасиетінен де тәуелді.Ортаның магниттік қасиетті абсалют магнит өтімділігімен сипатталады (ол әріпімен белгіленеді).

Магнит өтімділігнің өлшем бірлігі Омс/мГн/м, мұндағы Омс генри (Гн) деп аталады.

Магнит өтімділігі үлкен болатын ортада, электр тогы, индукциясы үлкен магнит өрісін тудырады.Тәжірибенің қортындыларына қарағанда, ферромагниттік материалдардан (мір, никель, кобальт және оның қорытпаларынан) басқа ауаныңжәне барлық заттардың магниттік өтімділігінің мәні вакуумнің магнит өтімділігің мәніндей болады.

Вакуумнің абсолют магниттік өтімділігін магнит тұрақтысы деп атайды.Оны белгілейді және оның мәні 4Гн/м.

Қандай да болмасын заттың а магнит өтімділігінің вакуумнің магниттік өтімділігіне қатысын () заттың салыстырмалы магнит өтімділігі деп аталады:

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

Магнит өрісі дегеніміз не?

Магниттік тізбек дегеніміз не?

Магнит өтімділігінің өрнегін жазыңыз

Рефлексия:

1.Бүгінгі жаңа сабақ сендерге қандай әсер қалдырды?

2. Не білемін,Не білдініз, не білгініз келеді?

Үйге тапсырма.

Магнит өрісі туралы мәлімет айту

Жұмыс орнын жинақтау.

Өткен сабақ орнын жинақтау, тақтаны сүрту.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 3.86 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 186

Похожие материалы