Тәрбие сағаты. Адамгершілік - рухани байлық

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.           Оқушылар, адамгершілік дегеніміз не......?           Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.         Нәпсі деген не?         Нәпсі – адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.         Жаман қасиеттерге нелер жатады?         Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.27 Kb
Количество скачиваний: 290
Просмотров: 613

Похожие материалы