Тәрбие сағаты «Анамызға мың алғыс!»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сарсенова Гүлбаршын Құрмашқызы
|
Құрметті аналар мен әжелер, қыз-қызғалдақтар!
Сіздерді келе жатқан 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын.Деңдеріңізге саулық,отбасыңызға амандық, құт-береке, татулық, бақыт тілеймін.Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркен деген өмір құдіретті күннің ақ шуақ нұрынан, аяулы ананың ақ сүтінен жаралған.
Сіздерге өмір сыйлаған аяулы жан-асыл аналарыңа өмір бойы қызмет етсең де, оның бір түнгі ұйқысына да татымайды.
Ана балаға тек жақсылық тілейді, ұрпағының кейбір кемшілігі мен мінді мінездерінің кемісін кешіреді. «Баланың табанына кірген тікен,менің маңдайыма қадалсын»деген мақал осының дәлелі.
Міне, сондықтан да ананың ақ сүтін ақтау үшін, оның өсиетін тыңдап, өнегесін орындап өсу, біздің перзенттік борышымыз екенін бар жан-тәнімізбен сезініп, тәрбиеленуге тиіспіз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30 Kb |
Количество скачиваний: | 136 |