Тәрбие сағаты: "Ата Заңымызға - 20 жыл" (1 сынып)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

№ 25 жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ата Заңымызға - 20 жыл

 

 

Сынып жетекші: Жумалинова З.А.

                                        1 «Ж» сынып

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы :  «Ата Заңымызға – 20 жыл»
Мақсаты : 

1. Балаларға  Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, Ата заң туралы білімдерін, ой-өрістерін кеңейту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және отанын сүйетін ұлтжанды
ұрпақ болып өсуге, Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты.

Сабақтың әдісі : Түсіндіру, сұрақ – жауап, талқылау.

Сабақтың көрнекілігі: «Ата заңымызға – 20 жыл» тақырыбы бойынша бейнеролик, слайд - шоу. ҚР Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба. Қанатты сөздер:
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады» қолданылады.


                             Тәрбие сағатының жүру барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі


Кіріспе әңгіме

-          Сәлеметсіңдер ме, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін ребус шешіп көрелік. Егер дұрыс шешсеңдер бүгінгі өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы белгілі болады.         

       ,,,                    ‘‘               ,              ‘‘                                                                     

                                                                 АҢ
- Ата заң сөзі шықты, яғни бүгінгі тәрбие сағатымыз Ата Заң жайында болмақ.

Сендер сәби болып шыр етіп дүниеге келдіңдер. Сендер сияқты қаншама адамдар дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған  Заңы – Конституциясы бар.

Мемлекеттік гимн орындалады.

Түйін сөз

    Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Ата Заңына 20 жыл толғалы отыр.Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.
    1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
      Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ- жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары- ата-ана және мектептегі ата-анасы – ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп,оны  дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

Мұғалім : Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.

7-бап  Дамира
1.    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiлі — қазақ тiлi.
9-бап Мансұр
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері  — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап Ақерке
1.    Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15-бапНұржан
1.    Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар,  « Ата Заң – біздің  мақтанышымыз, қорғанымыз »

    1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының  негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады.

29-бап Санжар:
1.    Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

34-бап Алишер:
2.    Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

«Ата заңымызға – 20 жыл» тақырыбы бойынша бейнеролик

Бейнеклип « Көк тудың желбірегені!»

     Мұғалім: Біздің еліміздегі Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.

Ойын: «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?  бөлімі бойынша қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңдар оң қолды көтересіңдер де, себебін алдарыңдағы параққа жазасыңдар, егер қылмыс емес десеңдер сол қолдарыңды көтересіңдер, себебін тағы параққа жазасыңдар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіңдер.
1. Дүкенде спирттік ішімдік сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Асан досынан ақша ұрлап алды?
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
6. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Заңды, заңсыз жағдайларға нелер жататынын тақтаға шығып түймедақ гүлін құрастыру.

 - Ал балалар Ата Заңға байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?

Ақерке:  Ата заңың-мерейің,

                 Мәртебең мен беделің.

                 Ата заңмен өркендеп,

                 Өсіп, өрлей берейін!    

Мансұр:Өмірден әділдік пен бақ табатын,
                Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
                Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
              «Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Нұрхаят:Міндетімді білемін
                  Тәртіп сақтап жүремін
                  Ата Заңым тұрғанда,
                  Алаңсыз өмір сүремін.

Әділ:    Алса адамның мазасын
             Бұзақы тартар жазасын,
             Әрі сыйлы, әрі әділ,
Барлығы хормен: Ата Заңым жасасын!

 « Мектеп заңына бағынайық! » демекші, біраз ережелерге тоқталып өтейік.
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )

1.      Оқушылардың міндеттері:

—    Мұғалімдерді қадір тұту, сыйлау

— Мінез-құлық ережелерін сақтау:
— Үлкендерді құрметтеу
— Басқа адамның ар-намысын қадірлеу
Құқық бұзушылыққа жол бермеу
Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
— Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

2. Оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібі.
— Мектеп ішіндегі тәртіптілікпен реттілікті сақта: жай сөйле, дәліз бойында жәй жүр.
— Дәлізде оң қанатпен жүр, жүгірме, секірме.
— Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдес.
— Мұғалімнің, балалардың артынан жүгірме.

3. Асханадағы мінез-құлық

— Асханаға кезекшілердің рұқсатымен кір
— Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта.
— Асхана мүлкіне ұқыптылықпен қара.
— Тамақтанған соң, ыдыс-аяқты жинап, орныңды тәртіпке келтір, асханада себепсіз жүрме

 

Мұғалім : Ата  заңым!
                  Арман  әнім!
                  Сенен асқан бар ма бағым!
                  Жалғыз саған байланысты
                  Елімде еркін самғағаным
Ата Заңымызға 20 жыл толғалы отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын ,- дей отырып, бүгінгі « Ата Заңымызға – 20 жыл» атты тәрбие сағатын аяқтаймыз. Назарларына рахмет!

    

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.93 Mb
Количество скачиваний: 336
Просмотров: 597

Похожие материалы