Тәрбие сағаты: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
III. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.

 

IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру[U1] .

Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында жас балаларға арналған немесе балаларды тәрбиелеуге байланысты кездесетін ырым-тыйымдар қатары мол.

Соның бірі қазақ қонақ келгенде де ырым-нанымдарын бала тәрбиесінде қолданып отырған. Осы жөнінде көрініске назар аударайық

 

Үй ішін ана аластап жүреді.Қасында баласы жүреді.

(Ортаға екі аяғын ашып,жол қарап тұрған бала тұрады.Оны байқап қалған анасы :

-Оу үйге қонақ келе жатыр ғой.Мына балам менің жол қарады ғой,-дейді анасы.

(Осы сөзді айтып бола бергенде екінші ұлы үйге жүгіріп келе жатып:

-Апа,үйге қонақтар келе жатыр (дей бергенде табалдырыққа келе құлайды).

Оны баласын анасы көтеріп жатып:

Үйге береке,ырыс келеді деген ырым бар..Айналайын.Еш жерің ауырып кеткен жоқ па?

Кел мен сені мына төр көрпеге аунатып алайын. Біссіміллә-біссіміллә.Олжа келді,олжа келді.олжасын көтере алмай келе жатыр,төрге,төрге жұқсын

Осы сәтте үйге топырлай біраз қонақтар кіреді.

Армысыздар.Наурыз құтты болсын!Ақ мол болсын,Ырыс-несібелі жыл болсын!-деп бір-бірімен көрісіп жатады.

Жоғарылаңыздар,төрге шығыңыздар!

Мен қазан көтерейін ,мен қазір дейді анасы. (сыртқа шығып қайта кіреді.

Келін шырағым дастархан жай,қонақтарға шай құй,-дейді

 [U1]

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.81 Kb
Количество скачиваний: 266
Просмотров: 569

Похожие материалы