Тәрбие сағаты «Білім еліне саяхат»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Павлодар қаласының

№ 39 инновациялық үлгідегі

гимназиялық сыныптары бар

жалпы орта білім беру мектебі

сыныптас тыс іс-шара

Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: Білімділік: Өткенді қайталау, пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Танымдық қабілетін, сөздік қорын, ақыл - ойын, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме, ойын, құрастыру.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, математика, дүниетану,
Көрнекіліктер: сызбалар, плакаттар, қима қағаз, сөзтізбек, кестелер, слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Бүгінгі сабағымыз мынадай эпиграф аясында өтеді.
«Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» Абай Қ

- Бүгін біз сабағымызды ертегі түрінде өткіземіз. Қызықты оқиғаларға, қиындықтарға кездесеміз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз. «Тапқырлар», «Жүйріктер», «Ұшқырлар»
- Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым,- деген екен не?(Құмырсқа)
Құмырсқа: М дыбысынан басталатын пәнді атаңдар?
- Математика әлеміне қош келдіңдер! Енді сізге жол көрсетейін. Айтпақшы, мен қақпаның ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қақпа ашылады.
1. Ауызша санау. Қима қағаз.
2.


Топтастыру.
Өрнек.Теңдік.
Теңсіздік.

3. Есеп шығару.
а. Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста 7 алма бар. Екі ыдыста барлығы неше алма?
ә. Азаматтың 7 дәптері бар еді. Ол інісіне 3 дәптер берді. Азаматта неше дәптер қалды?
б. Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды. Айдос неше ойыншық бояды?
г. Кәмшат 6 ою ойып алды. Гүлнәр одан 2 ою кем ойды. Гүлнәр неше ою ойды?


4. Геометриялық фигуралар. Құрастыру.

5. Логикалық тапсырмалар.
А. Логикалық есеп. Б. Ойлан, тап.
Ә. Сандар қатарын жалғастыр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 44.65 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 169

Похожие материалы