Тәрбие сағаты:" Елбасі –ел тірегі" (5 класс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақрыбы: Елбасі –ел тірегі

Мақсаты : 1.

1-желтоқсан Президент күні туралы түсінік бере отырып Қазақ халқының тұңғыш президентінің өмір жолы, ұстанымы, мақсаты туралы толық мағлұмат беру.

2.Сахналық көріністе сөздерді ащық, шеберлікпен орындауға, өз ойын еркін жеткізуге, пікірталастыруға баулу.

3.Адалдыққа,адамгершілікке, ұстамдылыққа, ізеттілікке ,ел қорғаны бола білуге, Отанжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекліктері: Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған стенд,сур-р, кітаптары т.б.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ. Елбасы -ел тірегі

  • 1.Мұғалымның кіріспе сөзі

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, өздеріңізге белгілі 1-желтоқсан Президент күні болып белгіленгені 2 жыл болды.

Бұл күнді халық үлкен мереке, айтулы іс шаралармен қарсы алады.

Н.Ә.Назарбаев туралы айтсаң бір сағат емес, 1-ай аздық етеді. Сондықтан өзіміздің президентке деген ықылас-пейлімізді ашық тәрбие сағатында азда болса білдіре отырып, елбасынан өнегелі тәрбие аламыз деп ойлаймыз.

Әлжан ана мен Әбіш атаның біраз уақытқа дейін балалары болмай ұзақ күтті. Бір күні бір тәуіп Әлжан анаға сендер Райымбек батырдың басына барып, мал атап сойып,әруақтарға сыйынып келіңдер.Содан кейін ұзақ күткен сәбиге қол жеткізесіңдер деген-екен.Әлжан ана мен Әбіш ата Райымбе батырдың басына барып мал атап сойып, бір-екі күн қонып қайтады. Сол жылы көптен күткен сәби дүниеге келген екен. Ата-ана қуанып, есімін Нұрсұлтан деп атаған.

Сол жылы Әлжан анаға түсінде де аян берген.

1.Өмірбаяны. Мухтарова Лилия.

2.Шындыққа айналған түс сахыналық көрініс.

Рөлдерде:

1.Нұрсұлтанның әжес - Мажитова Д

2.Нұрсұлтанның анасы - Гайнидинова М

3.Нұрсұлтан - Абдуллаев В

3. «Елбасына рахмет» Мәнерлеп өлеңді жатқа оқу.

Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»

1-оқушы:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

2-оқушы:

Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңдекөнермей әлі өткен де кеткен жылдаржыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.

3-оқушы:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

4-оқушы:

Жесірге пана,қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

«Елбасына»

5-оқушы:

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

6-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

4. «Жүрегім» Нұрсұлтан деп соғады

Оқушылар өз шығармаларын оқиды.

5.Ән щашу Елім менің

Әні Б.Тілеухаидікі

Сөзі Н.Ә. Назарбаевтің

ІҮ Сабақты қорыту

Үйге: Менің арманым тақрыбында шығарма жазу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.44 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 161

Похожие материалы