Тәрбие сағаты Ерлік мәңгі ұмытылмас!
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айтжанова Айгул Таукеновна
|
Тақырыбы:Ерлік мәңгілік ұмытылмас!.
Мақсаты:
Оқушыларға ұлы жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Елін, жерін Отанын қорғауға оны суюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу. Ауыл ардагерлерін құрмеипен еске алу.
Көрнекіліктер: ерлік туралы нақыл сөздер. Батырлардың суреттері, альбомдар, буклеттер. Ауыл ардагерлерінің суреттері.
Жургізуші:
Естідім – ау жеңіс үнін.
Гүрлідейді көк пен жер,
Қуанышпен қағып күлім,
Ойнақтайды қуанған ел.
Шықты ойнап жас ұландар,
Мәз- мәйрам боп күліп сақ-сақ,
Қуанышты барлық жандар,
Жеңіс атты жетті алтын шақ.
2- жүргізуші:
Жеңіс күн бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?
Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Мұғалім:
Балалар, осынау сұрапыл соғысқа Кеңіс Одағының басқа да республикаларымен бірге жауды талқандап, Жеңіске жету ісіне біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты.
Даңықы Қарулы Күштердің және еңбек армиясының құрамында бр миллион 870 мың Қазақстандықтар болған. Біздің халқымыз Александр Матросов ерлігін қайталаған Сұлта Баймағамбетовтың қазақтың батыр қыздары Алия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың «жау жллбарысына» қас қақпай қарсы шауып, гранатамен өоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есіьдерін мақтанышпен атайды.
2 оқушы: «Әлия»
Даламыздың даңқысын,
Бауласа гүл, балғын қыз.
№жанын қиып, халқын үші,
Жанып түскен оқ жұлдыз.
3 оқушы:
Мәңгі жасап, жерде енді,
Биік бол деп таулардай.
Сенің балғын бейнеді.
Жасап қойдық мәрмәрден.
4 оқушы: «Мәншүк»
Сілкіңтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққандай ызың.
Өаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Макси» оның
Бойында күш жігері тасқын оның
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
5 оқушы: Москва.
Москва ұлы шаһарым.
Жау жақындап келгенде.
Қауіп үске төнгенде,
Бұрынғыдан мың есе.
Арта түссін қаһарын.
6 оқушы:
Қасарысты, жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
Отан! – деген отты лебәз, Жандарынан жалын атты.
7 оқушы:
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,
Ерлік даңқы – жеңіс таңы.
Жарқыратып келді бізге.
Хор: «Көгершіндер».
8 оқушы:
Ұлы Жеңісті жақындата түсу үшін жау тылында ел кегін, ер намысын өорғаған партизан жасақтарында 3000 – нан астам жерлестеріміз шайқасқан еді.
9 оқушы:
Ата жаумен айқастық
Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме,
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас,
Жыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап дегенде,
Көз жібердім менде елге,
Сона елімнің түрінен,
Тастай болып түйілген-
Қаһармандық аңғардым,
Жау сазайын бергенде.
10 оқушы:
«Дала почтасы»
Мектептен келсем, жеңешем,
Отыр бір рахаттанып,
«Сүйінші!» - дейді не десем,
Төсінен үшкіл хатты алып.
11 оқушы:
Ағамнан келген майданнан,
Қауандық қандай күн-түні,
Шешемнің хатты айналған,
Жуылды жаспен кірпігі,
Сдан соң
Жеңіс келді де.
Жеңімпаз қалды Берлинде, Үшкіл хат әлі жеңгемнің,
Паспортымен жүр бірге.
Мұғалім:
Иә, балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Отан соғысына қатысқанда Әди Шәріпов, Қасым Қасенова, Нүркен Әбдіров, Сергей Луганский, Жұмағали Сайын, Талғат Бегелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов, Сабалақ Оразалинов сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетерінде «Батыр» деп жазып кетті.
-Құрметті балалар, сол ағаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық!
Бір минут үнсіздік!
12 оқушы:
Жеңіс күн! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірде рейхстаг үстінде Рахымжан Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді.
13 оқушы:
8- мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9- мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30
Дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
14 оқушы:
«Сүйінші»
Сүйінші халқым сүйінші.
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете.
Жасалған той мереке.
15 оқушы:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары.
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұланы.
II. бөлім Ауыл ардагерлері – асыл қазынам.
Ия, балалар осы біздің кішкене Қоғалытүбек ауылынан да Ұлы Отан соғысына қатысқан ауыл ардагерлері ағаларымыздың, аталарымыз болды. Олардың қан майданнан мүгедек болып елге келіп, Отанымыздың бейбітшілігі үшін еңбек етті. Олар: Сүюгалиева Хамит, Жұмашев Қуанғали, Даулетияров Ықсан, Имашев Бижан, Мутиев Меңдібай, Иманғалиева Рахметтола, Мырзагерей ата,Жұбандыков Төлепберген деген аталар.
Бүгін олар болмаса да олардың ұрпақтары, сүйген жарлары ошақтарының отын сөндірмей түтетіп отыр.
Оқушылардың аталары жайында мәліметтер оқу.
Даулетияров Ықсан-Әділбек.
Имашев Бижан- Данагүл.
Сүюғалиев Хамит- Гүлсезім.
Жұмашев Қуанғали-Зинагүл.
Имашев Бижан 1924 жылы Ілбішін ауылында 1 қаңтарда дүниеге келген. Әкесінің аты Биғали анасының аты- Бөпежан. Екі қарындасы бар. Бижан ата 4 жасында ата-анасынан айырылып қалған, 1941 жылы соғысқа аттанған. Онда Берлинде Украинада соғыста болған. 1945 жылы демалыс алып ауылға келген. Одан жау шауып кері шақыртып алып. Бнс жыл содан, 1951 жылы ауылға жеңіспен оралады. 1955 жылы Бижан ата мен Үміт әже отау құрады. Осында 11 балаларды болған. 13 немере, 13 жиендері бар.Қазіргі кезде балалар мен қыздары әкесіне қуанышпен еске алуда. Бижан ата 1991 жылы 1 сәуірде өмірден өтті.
Сүюғалиев Хамит- 1925 жылы 9 мамырда дүниеге келді. Еңбек жолын Чапаев ауданы Бударин селосында қызмететті. 2-ші дүние жүзілік Ұлы Отан соғыс басталғанда 1943 жылы Отанды қорғау үшін майданға аттанды. 1944 жылдың аяғында аяқтап алып, елге оралады.
1985 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты. 1992 жылы дүниеден озды.Ол кісінің 2 қызы, 1 ұлы бар.
Менің көрші атам Жұбаныш Қуанғали 1926 жылы дүниеге келген. Ол кісі 18 жасынан, яғни 1944 жылдан бастап Украйнаны, Белоруссияны, азат етуге қатысқан. 1945 жылы 9 мамырда немістерді жеңгеннен кейін , 1950 жылы елге аман есен келген. Сосын 1925 жылы шаңырақ көтеріп, осы ауылда көп жылдар еңбек еткен.
Аталардың суреттерін көрсетіліп олардың ерлік , еңбек жолдары туралы мәліметтер беріледі.
Кездесуге келген ардагерлердің жарлары Үміт әжей, Ғайни әжелер сөз сойлеп, алғыстарын білдірді. Келген әжейлерге сый – сияпат көрсетілді.
Қортындылау:
Соғыс үмітсіз жесірлікпен балалардаң жетімдігін әкелді. Фашистердің істеген қылмысын Кеңес адамдары ешқашан ұмытпайды. Ұмытпайиын себебіміз- біздің халқымыздың көрген қайғы қасіретінің адамзат баласының ұрпақтары еді ешқашан көрмесе екн деп тілейміз. Міне, ұлы жеңіске 70 жыл толып отыр . Ел- жұртымыз аман, берекелі заман болсын балалар.! Жақсы оқып , ілтипатты, тәрбиелі .Отанын сүйетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.45 Kb |
Количество скачиваний: | 36 |