Тәрбие сағаты ХХ1 ғасыр көшбасшысы. ( Наурыз мерекесіне арналған)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты: Қазақтың салт- дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

Оқушыларды ұлттық салт- дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

-Армысыздар, ағайын!

Бүгінгі біздің төл мерекеміз Наурызға қош келдіңіздер! Осыған орай біз мерекелік

сайысымызды өткізгелі отырмыз.

Сайысқа қатысушылар мен әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Кіріспе сөз:

-Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет- ғұрыпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі- Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22- жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктемнің алғашқы айы. Сондықтан ата- бабаларымыз бұл күнді жаңа жылдың басы, ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, үлкен қуанышпен қарсы алған. Жұрт ел аралап, бір- бірінің үйлеріне барып, наурыз көжеден тәм татып, жастар жағы ән шырқап, ойын- сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын тек қазақтар ғана емес, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, әзірбайжандар да тойлайды. «Халім қалай десең, салтымнан санап біл» демекші салт-дәстүрді ұғындыру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 42 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 133

Похожие материалы