Тәрбие сағаты «Сәлем - сөздің атасы »»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларды  әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, бабалардан қалған ғибрат аралық сөздерді балаларға ұғындыру;

2.     Халық салт-дәстүрімен таныстырып,өз халқының дәстүрін,салтын , мәдениетін,әдет-ғұрыпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;

3.     Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз  негізінде тәрбие беру.

Сабақтың  әдісі: ертегі, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі:

1.     Жақсы сөз –жарым ырыс

2.     «Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы»

3.     «Сәлем-әдептілік белгісі»

Сабақ барысы: Ұйымдастыру  кезеңі

  -Сәлеметсіздер ме?

-қыздар, қалай ойлайсыңдар адамдар бір-бірімен кездескенде  не істейді?

-Амандасады. Неліктен?

-Өйткені,  амандасу,  сәлем  беру әдептілік белгісі, ал әдептілік сәлемдесуден басталады.

-Жақсы .Ендеше біздіңгі бүгінгі тәрбие сағатымыз осы сәлемдесу,амандасуға арналады.« Үлкенге құрмет, кішіге ізет » 

Мұғалім: Бүгінгі біз ата дәстүр, оның ішінде  ең  керектігі сәлем беру, сәлем алу сияқты  қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын  тереңірек  болып табылады.

Ендеше  балалар, тәрбие сағатында білгенімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді осы  сабақта үйрене алады екенбіз.

Көрініс:

Ерте, ерте, ертеде  ата мен әже өмір сүріпті. Шал шаршап, шалдығып, үйіне кіреді.

 Шал:

-Амансыңба кемпірім?

Кемпір:

-Қош келдің .Отыр, шайға кел,мен саған ыстық бауырсақ пісіріп қойдым.

-Бауырсағым қайда кеткен?

Бауырсақ: -ля,ля,ля –деп  әндетіп келе жатады.

Алдынан қоян шығады:

-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:

-қоян, алдымен  мені жемес бұрын  амандаспаушымедің

Қоян:

-Не дейді мынау.Қайдағы сәлем, өзімнің қарыным ашып тұрғанда.

Бауырсақ:

-Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.Олай болса мен саған бір өлең айтып берейін:

 Өлеңдетіп бауырсақ қояннан қашып кетеді.Бауырсақ әндетіп  келе жатады .

Алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр:

-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін .

Бауырсақ:  Қасқыр мені жемес бұрын ең алдымен амандаспаушымедің

 

Қасқыр: Қайдағы амандық,қайдағы сәлем беру  өзімнің қарным ашып тұрғанда.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 51 Kb
Количество скачиваний: 120
Просмотров: 430

Похожие материалы