Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Нан -дастарқан байлығы"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Калиева Айсулу Жаксылыккызы
|
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Нан-дастархан байлығы».
Мақсаты:Ас атасы нанды қастерлеуге, қандай ащы еңбекпен келетінін
түсіндіру.Нан түрлерімен таныстыру. Көпшілік ортада ой-пікірін еркін жеткізіп,
нақты дәлелді сөйлеуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау қаблеттері
дамыту. Ұлттық рухққа, жылдам шешім қабылдауға, тосыннан ой айтуға, алғырлыққа, еңбексүйгіштікке , инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі суреттер т.б.
Тәрбие сағат барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі .
2.Оқушыларды топқа бөлу
І-топ: «Алтын дән»
ІІ-топ: «Береке»
ІІІ-топ: «Дастархан»
Ребус шешу
,,, , ,,,
йғ
Нан- дастарқан байлығы
3. Слайд-шоу көрсету
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
- Слайд-шоу не туралы?
-Нан туралы не білесіңдер?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыз « Нан –дастархан байлығы»деп аталады.
-Балалар, «Нан – береке бастауы», «Дастархан көркі – нан»демекші бүгінгі сабағымызды нан туралы тақпақтан бастасақ.
Нан туралы тақпақтар
Назира:
Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Камшат:
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар,сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
Мақсат:
Нанда өмірдің иісімен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Рамазан:
Ас біткеннің ардақтыатасы- нан
Нан көрінер әр астың арасынан
Қиқымын да түсірмей қорға оны
Артық көріп көзіңнің қарасынан
Алтынай:
Ардақты нан, ана мінез , асыл нан
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан
Бір күлшеңді мың есе артық дер едім
Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.
Шұғыла:
Нанға биік қол созсаң- бас құранды,
Тек құранды аламын деп баспа нанды
Осы болған қазақтың қағидасы
Іздемеген аспаннан баспананы.
Рабиға:
Желкілдеген желменен
Жерді егін тербеген
Өсіредідиқандар
Тамшылаған терменен
Кең жазира теп- тегіс
Тербеледі нұрланып,
Толқынданған көк теңіз
Егін жатыр ырғалып.
Анар:
Бұл жерге – бапкер қолы мен тер керегі,
Тер төксең, бар асылын жер береді.
Масағы ақ бидайдың тыным таппай
Жалындай жирен аттың тербеледі.
Алтынай:
Кең даламда дала болып көсілген
Қоңыр күзде ақ самалмен көсілген.
Ақ бидайдың толықсыған мұхитын
Ағаларым, апаларым өсірген.
Іңкәр :
Дала біткен жайдарлы
Құлпырыпты, түлепті.
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
Диқан бабаң екті де
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа кеп төкті де,
Ақ нанды үйіп тастады.
Рамазан:
Ақ бидай, Асыл дала, Қызыл қырман,
Қампиып ырысы мол күз құлпырған.
Тасыған дән маржаны дариядай-
Молшылық басталады біздің қырдан
Арай:
Кең далада көсілген
Теңіз толқып жатқандай.
Жауын жауып, нұр сүйген
Егін нұрға батқандай.
Баптап оны өсірген
Диқан ісі мәрт қандай.
Тың жер бүгін түрленді,
Тұр жайқалып ақ бидай.
Төресіндей гүлдердің
Тұр ғажайып ақ бидай.
Асырайтын күллі елді-
Біздің байлық- ақ бидай
Хор: «Ақ бидай» әні
Мұғалім:
Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басынақатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдарегін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен. Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған. Соғысқа қатысқан аталарымызға ас-суды соғыс кезінде елде қалған әйел-аналаркүні-түні жұмыс істеп жіберіп отырған.Соғыс кезінде елде қалған ер азаматтар мен әйелдер жан аямай еңбек еткен. Сондай азаматтардың бірі – Ыбырай Жақаев. Ол – күріш атасы деген атпен танымал. Сонымен бірге Шығанақ Берсиев тары егуден рекорд жасаған. Соғысқа көп-көп қап астық жіберіп отырған. Соғыс аяқталғанмен ел жағдайы бірден жақсарып кете қойған жоқ. Егін басында ер азаматтармен қатар әйелдерде еңбек етті. Атағы бүкіл елгетараған Кәмшат Дөненбаева сынды апаларымыз да бар. Ендеше, осы ата-әжелеріміз туралы біз не білеміз?
Оқушылар Ы.Жақаев, Ш.Берсиев, К.Дөненбаева туралы өздерінің дайындап келген рефераттарын оқып, олардың еңбектерімен толығырақтанысады.
Мұғалім:
Ертегіні сахналау
І-топ:«Егінші мен қасқыр» ертегісі
ІІ-топ:«Қаңбақ пен бидай» ертегісі
ІІІ-топ.«Қуыршақ пен бауырсақ» өлеңі
Мұғалім:
Рысқали:
О,Адамдар, айтарым бар,
...Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар!
Анар:
Ол биіктен төгілген
Мөп-мөлдір
Зәмзәм суынан өседі,
Нан-өмір,
Нанға«пірім» деп,
Нанға « жырым» деп,
Табынам,
Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан,
Даланың қанынан
Өседі.
Мақсат:
Нанға үлкен жүрекпен
Қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса,
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса...
Назира:
Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң,
Жерді шаң торлайды.
Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сенің де, оның да
Мерейін үстеп ғып тұрған
Дән емес пе ?
Дән-нәр емес пе?
Дән- нәресте,
Дән- тіршілік тоқтамайтын...
Іңкәр :
О, адамдар!
Тіршілік арнасын сақтаңдар.
Диқанның еңбегін
Тер төккен ақтаңдар.
Әр дәнді жоғалтпай,
Өмірдей сақтаңдар!
О,адамдар! Кең пейілділер!
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер!
Анар:
Кешіре гөр, бір үзім нан асылым,
Кешіре гөр, көрсең бізден асылық,
Кешір мынау тоқ ұрпақ, тоқ буынды
Аяқ асты жатсаң кейде басылып.
Абдрахман:
Нан болмаса бағыңның кетері бар,
Нанмен ғана өмірдің өтері
Жолда жатса егерде бір үзім нан
Арланбай-ақ сен оны көтеріп ал .
Мұғалім:
-Балалар, нан неден алынады?
-Бидайдан
-Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныс болыңдар.
Сахналық көрніс:
Бидай:
-Мен адамдардың аңсары ауған , ас арқауы ақ бидаймын. Мені жер бетінің көп халқы өтеертедәуірлерден біледі және мен арқылы ұрпақ жайып өсіп келеді.Дәнімнің құрамында адам ағзасынаөте қажетті, әрі сәңімді крахмал, белок, май, қант т. б. заттар болғандықтан, менен жасалған түрлі тағамдар адамның күш- қуатының арқауы, дастарқанның берекесі, тіршілігінің көзі.
Арпа:
-Мен негізінен жармалық дақылдарға жатамын. Мені де түрлі тәтті тағамдар қатарына қосады, өте майдалап жармаласа, тісі шықпаған сәбилердің сүйіп жейтін тағамы боламын. Әсіресе, қыста малға таптырмайтын қуатты, витаминді мол қорекпін.
Тары:
- Арпа танысым айтқандай, мен де жармалық дақылдар қатарына жатамын. Мені де түрлі тәтті тағамдар қатарына қосады, өте майдалап жармаласа, тісі шықпаған сәбилердің сүйіп жейтін тағамы боламын. Әсіресе, қыста малға таптырмайтын қуатты, витаминді мол қорекпін.
Сұлы:
Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.
Күріш:
-Мен ел ырысы ақ күрішпін. Сондықтанда халқымыз, ,,Күріш бар ел – ырысы бар ел ’’ деп аса бір мақтаныш сезіммен дәріптейді. Көптеген халықтық ең сүйіп жейтін тағамымын. Тұқымым өте пайдалы, бағалы заттарға бай, халық шаруашылығының түрлі салаларында да құным жоғары.
Хор: «Дастархан»
Топпен жұмыс
І-топ: Ұннан жасалатын тағамдар
ІІ-топ:Нан туралы ұлағатты сөздержәне нан , диқаншы туралы мақал- мәтелдер
ІІІ-топ: Нан туралытыйым сөздер және дастарқан басындағы дәстүр
Шығармашылық тапсырма
І- топ: Неліктен«Нан – дастарқанбайлығы» дейміз?
ІІ-топ:Жағдаяттан шығу
Асан қолындағы нанын жеп, үйінен сыртқа шықты. Футбол алаңында ойнап жүрген бір топбаланы көріп, қолындағы нанын жерге лақтыра салып ,футбол ойнап жүрген балаларға қарай жүгірді.Оны көрген досы Мақсат :
-Асан, мұның не? Нанды неге лақтырасың? – деді.
Асан түк қиналмастан:
-Е, біздің үйде бұндай нандар көп,- деді. Асанға нанның қадірін қалай түсіндірер едің?
ІІІ- топ: «Нан- дастарқан байлығы»тақырыбына сурет салу
Шұғыла:
Ақ күлше –дастарханның құндығылы,
Көңілдің кең дәулетке күптілігі.
Мақтаныш нан көбейді, ән көбейді.
Нан деген мемлекеттің мықтылығы.
Іңкәр:
Ақиқаты ежелден ұғып анық
Парасаттың шыңына шығып алып.
Ізгілік пен әдептің биіктігін
Тек нанмен өлшейді ұлы халық.
Камшат:
Тамшыдан жиналады тума бұлақ
Бұлақтар теңізді де тұрар құрап,
Үлкен де басталады зәредейден
Халық та тау астықты дәннен үйген.
Шұғыла:
Ақ күлшеге қол созады балбөбек
Алтыннан да, гауһардан да ол бөбек
Ақ аспандай дастарханды ашады
Күн сияқты қып-қызыл нан дөңгелек.
Арай:
Күн күліп таң пердесін сүйіп ашқан,
Өмірдің үніне еңбек күні ұласқан.
Даланыдархан еткен дастарханым,
Миллиард -мерейлі елдің сыйы шашқан.
Айнұр:
Бір шөкім тұз үйіне ала барған,
Адамды да қарсы алып алады алдан,
Сосын ,,нанан ауыз ти!’’- деп тұратын,
Айналайын ардақты аналардан.
Мақсат:
,,Шыным’’ десе шын айтқан мөлдіретіп,
,,Сырым’’ десе сыр айтқан елжіретіп.
Әкелерден ақ шашты айналайын
Серттескенді нан ұстап сендіретін.
Абдрахман :
Бейбіт шақта, күнде қаймағайым,
Тұрады әр кез кетпен мен қайма дайын
Нанды Елінің Туымен бірдей сүйген.
Қасиетті халқымнан айналайын.
Сабақты бекіту:
І-топ: “Менің қарным тоқ болсын десем...” Өз ойыңды білдір.
ІІ- топ: “Менің ең сүйікті тағамым”
ІІІ – топ: “Құндылық құнынұғыңдар”
Тағамдар ішінде ең қасиетті-
Ең қажетті-
Ең маңызды -
Ең бағалы -
Ең тәтті-
Еңащы -
Ән: «Дастархан» .Орындайтын:« Ай-Ару » тобы
Келген қонақтарға нанұсыну.
Мұғалім:
Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.
Амандық берсін басыңа
Қадір келсін қасыңа
Бар екем деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа.
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!
Қорытындылау:
Қазақтың кең даласы елімізді астықтан тарылтып көрген емес.Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері жомарт даланың берекесі де еселеніп тұр. Сонаукеңес кезеңінде ерен ерлік саналатын миллиард пұт астық жинау құбылысы қазір қалыпты игілікке айналды. Дастархандағы нан – ауқаттылықтың , жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылықтың белгісі.Еліміздің күш-қуаты болып, дастарханымыздың тұздығын келтірген қасиетті нанымызды үнемі қадірлей білейік балалар
Ән: «Ақ тілек».Орындайтын Абдрахман Рысқали
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 76.76 Kb |
Количество скачиваний: | 79 |