Тәрбие сағаты Тақырыбы:«Ынтымағы жарасқан ел»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Өтжан Шарапат Мақсатқызы.
|
Мақсаты: 1Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, қима көгершіндер, гүлдер, ұлттық киімдер.
Барысы: Әнұран айтылады.
Кіріспе сөз.
Қазақстанда тұратын жүздн астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр достық мерекесі. Бұл-еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні. Қазақстан халқының бірлігіне арналған 2 сынып оқушылары дайындаған «Ынтымағы жарасқан ел» атты тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.
Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, қолдарына гүл шоқтарын ұстап шерумен ортаға шығады.
1-оқушы: Ә.Саят
Мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқанижүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.
2-оқушы: Назерке
Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы - ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.
3-оқушы: Құрмет
Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Сондықтан достық мерекесі бәрімізге де қастерлі күн.
4-оқушы: Балауса
Иә, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз. Қазақстан кең байтақ.Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
5-оқушы: Мейірхан
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.73 Kb |
Количество скачиваний: | 302 |