Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік - ел тілегі"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1 –жүргізуші: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік  халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі.

 

2 – жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт  күттіретін жері бай, халқы бай ел.

1 – оқушы: 

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар болып жанбай қалған шырағы.

 

1 – жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата – бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.

 

2 –оқушы: 1466 жылы қазақ хандығы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.

 

3 – оқушы: 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда», Жоңғарлармен болған соғыста: Бір миллион адамнан, яғни, сол кездегі халықтың 40 пайызынан айрылды. Адамдар мал мүлкін тастап, өлімнен қашты.

 

4 – оқушы: 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс пен 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде шаруашылық күйзеліске ұшырағандықтан  950 мың қазақ ашаршылыққа ұшырап апат болса, 300 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр  болды.

 

5 –оқушы:   1918 жылы Қазақстанда Кеңес үкіметі құрылды.

 

6 – оқушы:  1937 жылы қазақ халқының зиялы қауымының өкілдері қуғын-сүргінге  ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» атанды. Олардың  105 мыңы абақтыға жабылып, 27 мыңнан астамы атылды.

 

Енді  бізге қайта оралды заңғарлар

Сталиндік тозақтарда жанғандар

Ахметтер, Жүсіпбекте

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 43.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 102

Похожие материалы