Тәрбие сағаты."Мемлекеттік рәміздерім- ұлттық мақтанышым"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақстан  рәміздерім -  мақтанышым

Мақсаты: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне  білуге  мемлекеттік  рәміздердің  авторларының  өмірбаяндарын, еңбек  жолдарын  үйрету, өз  ойын  дұрыс  жеткізуге  ынталандыру. Оқушылардың  мемлекеттік  нышандарды  оқып-үйренуде  өзіндік  дағды  қалыптастырып  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту. Оқушыларды  Отансүйгіштікке,                                                  адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік  рәміздерді  қастерлеуге, құрметтеуге  тәрбиелеу.

Тәрбие  сағатының  әдісі: іздену, сұрақ-жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі: Қазақстан  Республикасының  рәміздері, Қазақстан Республикасының рәміздерінің  авторларының  суреттері, буклеттер, карта, Отан, жер  туралы  нақыл  сөздер, оқушылардың  шығармашылық  жұмыстары.

Кіріспе бөлім:Біздер  тәуелсіз  қазақ  елінің  ең  жас  ұландарымыз.  Сондықтан  өз  жерімізді,  өз  елімізд  іәкелер мен аталарымыз  сияқты  қадірлеуге, сүюге,қорғауға  тиіс  екенімізді  естен  шығармайық.

Қазақстан  Республикасының Гимн орындалады.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан  қуат, нәр  береді...

Отан-ұран, Отан  туым,

Отан  мәңгі гүлденеді    -демекші, тәуелсіздігіміз  тұғырлы    болып,   еліміздің    символы-    мемлекеттік  рәміздерді  қастерлеп,  құрметтеу  бәріміздің  міндетті  парызымыз  болып   саналады.

Мемлекеттік  рәміздер-еліміздің  егемендігі мен тәуелсіздігін  паш  ететін  нышандар.Бұл  рәміздер  біздің  мемлекетіміздің  өткені, бүгіні мен болашағы  арасындағы  сабақтастықтың  жарқын  бейнесі.

Мемлекеттік  рәміздер-халқымыздың  рухын, ұлттық  салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа  үмітін, арман-тілегін  жеткізетін  ерекше  құнды  белгілер.

Тұңғыш Президент.

1-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда  Қазақстанның  елбасшысы-Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2-оқушы: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып  сайланды.

3-оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы  аннам  жаспен суарған,

Бұл  далада  атам  қолға ту алған.

Бұл  далаға  жылап  келіп, уанғам,

Бұл  даланы көріп  алғаш  қуанғам,

Бұл  далада  өскен  жанда жоқ  арман!

4-оқушы:Азат елдіңтәуелсізазаматы

Сеніңкелдімінбе де сөзалатын

Аттанбарысбейнеліболашаққа

Баршаәлемгешығыршықазақатын.

Тұғырлы  туымыз.

Егер де Туға тұтас зер салсаң,автордың оны жасаған да үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында  қияға  қанат  қаққан  қыран- тыныштық пен баянды  өмірдің  белгісі, ал ою-өрнек  тудың  қай елдікі  екенін  аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен  Оңдасынұлы  Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің  туымыз – көгілдір  түсті, тіктөртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойла йұлтты қою-өрнек салынған тік жолақ қазақ  елінің  өзіндік  сипатын, танымдық  бейнесін  көрсетеді.

8-оқушы:Айнымайды аспаннан

Біздің  тудың  бояуы

                 Оны халық  қашанда

Биікке іліп  қояды.

9-оқушы: Мен қазақтың  ұланымын

                 Мен қазақтың,ұланымын  елімнің

                 Мен қазақпын, тірегімін  жерімін

                 Ұланымын  туын  көкке көтерген.                                                                               

Еңселі  Елтаңба.

Мемлекеттік  елтаңбаны ңавторлары  танымал  суретшілер:

Жандарбек  Мәлібеков пен  Шота-Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең  кең, босағаң  берік  болсын» деген тілек  сөз  бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді  басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір   түстің   жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың аты нкөрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы  іспеттес.

10-оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

11- оқушы:Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

 Бабам тұлпар жаратты,

Құлынындатанып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды  шаңырақ.

Тәуелсіздік  көркі ол да,

Нұр төгеді елтаңба

Ақ  орданың  төрінде.

Асқақтаған Әнұран.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды   түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын  қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі  тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986  жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бей ресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы  Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы реет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Ел басын ұлықтау рәсімінде орындалды.БұлӘнұранның сөзіреспубликамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

12-оқушы:Ән ұраным –жан ұраным

Айта рәнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

 

Республикам Әнұраны!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.2 Kb
Количество скачиваний: 35
Просмотров: 179

Похожие материалы