Тәрбие сабақ.Сабақтың тақырыбы: Астана.6-сыныптар

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Видеоуроки
Автор:

 Сабақтың тақырыбы: Астана. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға оқулықта берілген «Астана» өлеңін оқып түсіндіру. Астана жайлы білімдерін кеңейту. 2. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту; Сөздік қорларын молайту.Өз ойын жүйелі түрде жеткізе алуға дағдыландыру; 3. Отансүйгіштікке, бірлікке, өзгенің ойын тыңдай білуге елінің көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жинақтау Сабақтың көрнекілігі: қала суреттері, оқушылар салған суреттер, оқулықтар интерактивті тақта, буклет. -Балалар, сабаққа қатысып отырған ұстаздарға жылы жүзділік танытып,ыстық ықыласпен қарсы алайық. Бүгінгі күнге қуаныш,келер күнге шаттық пен бақыт тілейік. / ОҚУШЫЛАР ХОРМЕН/ Күнде шат күліп күн, Өміріміз жайдары. Мәңгілік бақыттың Өзіміз – айғағы. І Психологиялық дайындық / көңіл күйді көтеруге арналған позитивті ролик/ Сабақтың барысы: ІІ Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару Кезекшімен сұхбаттасу. ІІІ Үй тапсырмасын тексеру /сұрақ-жауап -Балалар, «Ата Заңым,алтын Заңым» деп қандай рәміз туралы айтылған? - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын сипаттап беріңдер -Венн диаграммасын толтыру. ІҮ Жаңа сабақ Мағынаны ашу Барлық қала жүрегі Барша қауым тілегі Әсем қала Астананы Барлық бала біледі. Ж. Маханбетова -Балалар, Астана дегенде көз алдарыңа не елестейді? - Астана қандай қала? / жан-жақты жауап алу/ Ү Интерактивті тақтамен жұмыс ҮІ Бейнеүзік «Астана-сәулетті қала» Оқушыларға Астана қаласының әдемі жерлерін көрсету,әңгімелеу,өз білетіндерін ортаға салу. Астана-біздің еліміздің бас қаласы, Отанымыздың астанасы. Ол бұрын Ақмола, кейіннен Целиноград деп аталып,ал 1992 жылдан бастап Ақмола , 1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп тағайындалды. ҮІІ Сергіту сәті Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Көкжиектен көкпеңбек Кемпірқосақ ашылды. ҮІІІ Оқулықпен жұмыс 1 Өлеңді мәнерлеп оқу / мұғалім/ - Балалар ақын Астана қаласын қалай суреттеген? - Астананың болашағы қандай? - Тақырыпқа байланысты кім жатқа өлең оқиды? ІХ Шығармашылық жұмыс - Балалар ,әркім өздеріңнің салып әкелген суреттеріңді қорғайсыңдар / шағын сурет көрмесін ұйымдастырамыз/ А с т а н а К Е Ш Е Б Ү Г І Н Б О Л А Ш А Қ Т А Х Сабақты қорытындылау Не білемін ? Не білдім ? Не білгім келеді? ХІ Бағалау Өзін-өзі бағалау Оқушылар бірін-бірі бағалайды ХІІ Үйге тапсырма Жанерке- «Менің Астанам» эссе жазу Азамат- «Астана-сәулетті қала» сурет салу Думан - Астана тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 59.36 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 69

Похожие материалы