Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бекешова Гулнур Мирамовна
|
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты, мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мен өзімнің педагогикалық еңбегімнің әр күнін, әр сағатын сапалы білім беруге, саналы тәрбиеге баулуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек,» - деген пікірін басшылыққа алып, өзімнен үлкен жауапкершілік, оқушыларымнан зор ықылас пен белсенділікті талап етемін.
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді оята білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс-шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
Төрт жылдық нәтижелер әрбір пәннің, әрбір тоқсанға жасалынған көрсеткіштерін талдап, салыстырып, кемшілігі мен жетістігін ескеріп отыру – педагогикалық еңбегімде қалыптасқан дәстүрдің бірі.
Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» деген негізгі бағытын ұстана отырып, қазақ халқы баланы бесіктен тәрбиелеген, ендеше бастауышта тиянақты, түпкілікті білім берумен қатар адамгершілігі мол тәрбиелі азамат қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының, тәрбие сағаттарының мәні зор.
Соған байланысты әрбір тәрбие сағаттарының тақырыбы үлкен өмірдің өзекті бір мәселелерін қозғауға негіз болады. Мен елімнің патриотымын бағытында тәрбие беруге байланысты «Астана – ел ордамның жүрегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, Желтоқсан желі ызғарлы, «Табиғат аясына саяхат», Берекелі алтын күз сыныптан тыс шарасы өткізілсе, «Наурыз-думан», «Ана-өмірдің гүлі», мектеп психологы Қ. Шаңбаевамен бірге ата – аналармен «Бала – біздің болашағымыз» тренинг сабағын өткіздім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 43 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |