Тренинг «Менің ортам»

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Презентации
Автор:
Тақырыбы:«Менің ортам». (жоғары сынып  оқушыларына арналған) Психолог: Искакова А. О. Қарағанды облысы Қарқаралы  қаласы Балалар және жасөспірімдер орталығы Тренинг элементінің  мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. Тренинг элементтерінің  міндеттері: - адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну; - өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; - сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; - сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп. Тренинг  элементінің құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Тренинг элементінің мақсат-міндеттерін хабарлау. ІІІ. Негізгі бөлім. а)Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. б) «Автопортрет» жаттығуы. в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. е) «Өрмекші торы» жаттығуы. ІV. Қорытынды бөлім. а) «Жүйрік ой» жаттығуы. б) «Қайта байланыс» жаттығуы. Тренинг элементінің  жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/ ІІ.Тренинг элементінің мақсат-міндеттерін хабарлау ІІІ. Тренинг элементіне  дайындық, ережесімен таныстыру. Топта жұмыс істеу ережесі: 1. Бір-бірін «Визиткада» көрсетілген есім бойынша, атау. 2. Қауіпсіздік. 3. Телефон. 4. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.   5. Сенімділік. 6. Белсенділік. (Шамаңыз келгенше) 7.  Мен – жолдау.   8. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 9. Басқаның  ой-сезімін кекетіп, мазақ қылмау. ІV. Негізгі бөлім. а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің  және ұнататын тағамын қоса айту.  Келесі қатысушы алдыңғы барлық қатысушылардың есімімен тағамдары мен өзінің есіміе және тағамын айту.  Мысалы, Асель, ет деген сияқты.  б) «Автопортрет» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді психолог жинап алынатындығын ескертеді. Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. Нұсқау: психолог алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады. Рефлексия: д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Социометрия – Кімнің кімге жақын екендіктерін байқау. Нұсқау:  Жұлдыз болып аспанда жүру, оң қолыңмен  бірінші кезектегі ең жақын және ең жақын сөйлесетін,  жақсы танитын адамыңның  иығынан ұста, ал енді сол қолыңмен екінші кезектегі  адамыңның иығынан ұста  Психологқа ескерту: Барлығын бақылау, кімге-кім жақын, сыртта қалған адамдар бар ма екен, сол сыртта қалған адамды бақылау, зерттеу жұмысын жүргізу. Тыныштық сәтін ұйымдастыру . Көзімізді жұмып, терең тыныс алып, тынысты жайлап шығару ІV. Қорытынды бөлім. а) «Жүйрік ой» жаттығуы Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ - Маған қажет қасиеттер, мыналар...... - Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... - Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... - Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... Рефлексия: б) «Қайта байланыс» жаттығуы Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: - Тренингте ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не білдің? б) «Алған әсеріңіз қандай?»- үлестірмелі карточкалар/смайликтер/ арқылы анықтау. в) тренинг элементтеріне  қатысушыларға рахмет айта отырып, аяқтау.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 160

Похожие материалы