«Төрлет, Наурыз төріме!»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Төрлет, Наурыз төріме!»

Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыз-дың салтын, әдет-ғұрпын құрметтеп өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Қазақтың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар» күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарлама өтетін жерге орындарына келіп тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!

Ілесіп үлкен-кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер азамат.

Ескі жылмен реніш өкпең өкпең кетсін- дегендей Наурыз жыл басы құтты болсын!

Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін!

Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын!

Баршамызға бақ қонсын!

Шығыс музыкасы ойналады: залға Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.

Падишах: Наурыз келді гүлім

Жер көгерді, ел көгерді гүлім.

Шарезада: Наурыз келсе қайтам. Маған қызық емес.

Падишах: Ол наурыз жыл басы. Бәріне мұсылман қауым Наурыз мерекесін тойлайды.

Шарезада: жылда- жылда тойлай береміз бе? Жалықтырып жіберді.

Падишах: Сені қалай көңілдендіремін? Қыздарға би билетейін бе?

Шарезада: басын шайқайды.

Падишах: Жігіттерге ән айтқызайын ба?

Шарезада: басын шайқайды.

Падишах: енді не істеймін жұлдызым, күнім.

Шарезада: Секіріп қуанып, мен қыдырғым келеді басқа елді көргім келіп тұр.

Падишах: қайда барамыз?

Залға екі атпен жаушы шауып кіреді.

1) Ислам: Уа ағайын-туысқан.

Наурыз күн туды шығыстан.

Сол тойға келдік шақырып.

Ат терлетіп алыстан.

2) Темірлан: Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Наурыз тойын бәріміз

Биыл бірге қарсы алайық

Падишах: Амансыңдарма жігіттер?

Мерекеге шақырғандарыңа рахмет!

Жазушылар басын иіп шығып кетеді.

Шарезада: Қазақстан еліне барамыз

Падишах: Жарайды барайық. Қазақ елі бізге туысқан, біз сияқты мұсылман халық. Өте қонақжай халық деп естідім.

Музыкамен жүріп шаңырақтың ішіне кіріп отырады.

Жүргізуші: Қашанда құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты еімінің

Уа, халайық теріп ал шашумды

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. (шашу шашылады)

Падишах: Мереке наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын

Дендерің сау, мықты болсын!

Аман есен болайық.

Шарезада: Жаңа жыл құтты болсын!

Ән: «Наурыз айы»

Шарезада: Қандай көңілді мереке!

Келгеніміз қандай жақсы болды.

Музыкамен залға Алдар көсе келеді.

Армысыздар балалар, армысыздар халайық

Мен Алдар көсемін,

Мерекелерің құтты болсын!

Падишах: Ассалаумағалейкум, Алдар көсе!

Алдар көсе: Уағалайкүмассалам! Біздің елге қонаққа келіп қалыпсыздар. Қонақтардың келгенін естіп қазақ елі туралы әңгімелеп берейін деп келдім.

Шарезада: Алдар көсе наурыз - Наурыз дейді, ол қандай мереке?

Алдар көсе: 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі, табиғаттың бәрі жаңа өмірге келеді, жер көге-реді, ағаштар бүршік жарады. Сондықтан наурызды жаңа жыл деп атайды. Шығыс халықтарының жаңа жылы наурыз болып саналады. Наурыз күні біз ұлттық ойындар ойнаймыз, ән айтамыз, би билейміз.

Ал, қонақтар, балалар мен қазір ортаға «Теңге алу» ойынын ойнауға жігіттерді шақырамыз.

Жүргізуші: Бұл ойында тәсіл көп

Кім мол алса теңгені

Сол жігіттің жеңгені

«Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны.

Балалардың наурыз мерекесіне арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Жанель: Құрт- бауырсақ шашылысын,

Наурыз тойы ашылысн.

Бір-бірімен мынау жұрт,

Өнерлерін асырсын.

Аслан: Армысыздар халайық!

Әр кез аман болайық

Наурыз тойын қуанып

Жылда қарсы алайық.

Настя: Арпа, бидай бастаған.

Жеті дәмнен аспаған,

Наурыз көже ежелден,

Бұл тойдағы бас тағам.

Еркеназ: Күттіріп келген жыл басы.

Бізбен бірге ойнашы,

Дастарханыма көп –көп,

Береке ырыс сыйлашы.

Ойын: «Қыз қуу».

Халқымыздың кез келген тойы айтыссыз өтпеген. Айтыс арқылы ақындар сөздің дәмдісін, әннің саздысын жеткізе білген. Олай болса ортаға айтыскер ақындарды шақырамыз.

Самир: Туған елім армысың, Анель: Сәлем бердім халқыма,

Амандығы елімнің, Мына отырған жалпыға,

Баланың бұл алғысы Бүлдіршіндер біз келдік,

Қанат қағып талпына.

Музыкамен залға «Наурыз аруы» кіріп келеді.

Наурыз аруы: Аманбысың, армысың халқым менің,

Ақтарған кең даламның алтын кенін,

Мереке басы болсын берекенің.

Ардақты Наурыз тойы салтың елім!

Падишах: Амансың ба қарындасым, қазақ елі әсем әнге, асыл сөзге, әдемі қыздарға бай екен?

Наурыз аруы: Біздің елге келіп қалыпсыздар қазақ әнін, қазақ халқының ойындарын, биін алғаш рет тамашалаңыздар.

Ал енді: «Наурыз» атты қазақтың ұлттық киім үлгілерінің жиынтығының көрсетілімі. Қыздар- ер балалар сән үлгісін көрсетеді.

Алдар көсе: Қазақ салты бойынша алыстан келген қонаққа біз шапан кигіземіз. Падишахтың иығына шапан жабады.

Наурыз аруы: Ал, қыздарға үнемі тақия кигіземіз. Шахрезадаға үкілі тақия табыс етеді.

Падишах: Рахмет! Биылғы наурыз айы мәңгі есте қалатын болды.

Шарезада: Бәріміз тату- тәтті өмір сүрейік, бізге қонаққа келіңіздер.

«Дастархан» әні.

Енді біздің наурыз көжемізден ауыз тиіңіздер. Дастарханға шақырамыз сіздерді

Падишах: Біздің қызымыз екеуміздің сыйымызды қабыл алыңыздар.

Сандықтан ашып сыйлықтарын көрсетеді.

Жүргізуші: Наурызым құт әкелсін елімізге.

Жаңа жыл елімізді жарылқасын,

Қиналып еш отбасы тарықпасын,

Наурызымыз құтты болсын.

Келесі наурызға дейін баршамыз аман- сау болайық.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.67 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 126

Похожие материалы