Ө.Тұрманжанов "Туған өлкем" 2сынып сабақ жоспары мен презентациясы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Сыныбы:2 Мұғалімі: Молдағалиева Бактыгүл Тыныштыққызы

Пәні:Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Ө.Тұрманжанов« Туған өлкем»
Мақсаты :
1. Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту, дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.
3. Оқушыларды Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түртіп алу стратегиясы, сұраққа-жауап,көрнекілік, топтастыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, сөзжұмбақ «Туған өлкем»,Ө.Тұрманжановтың шығармалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

А)Психологиялық дайындық

  • ØМынау менің жүрегім,
  • Бәрі осыдан басталған.
  • Мынау басым ақылды
  • Бәрі осы басқарған.
  • Мынау менің оң қолым
  • Қалам ұстап бастаған
  • Мынау менің сол қолым
  • Барлық істі атқарған
  • Бірімізбен -біріміз
  • Тату-тәтті,есен-аман!

Ә) Мақсат қою:

- Бүгін сабақта табиғаттың әсем жері таудың биік шыңына шығамыз. Ол үшін түрлі тапсырмаларды орындай отырып,асулардан асып таудың ең биік шыңына жетуіміз керек. Сонымен қатар сабақта көп ұпай жинаған оқушы таудың ең биік шыңындағы «жеңімпаз» номинациясына ие болады.

-Ал,іске сәт,оқушылар!

2.Үй тапсырмасын тексеру 1-асу

  • üҚР-ның мемлекеттік тілі?
  • üҚР Тіл туралы Заңы қашан қабылданды?
  • üҚазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
  • üАдам тілі тас жарады
  • üТуған тілім өлеңін жатқа айт.

3.а)Ой қозғау Ребус шешу 2-асу

, ,,,

,,, ,, ,

-Олай болса,Ө.Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем»өлеңімен танысамыз.

Ә)Мағынаны тану. Біле жүргейсің! Автор туралы түсінік

Ө.Тұрманжанов 1905 жылът 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді.

Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі,ақын,

аудармашы болған.


Түнғыш жинағы "Таң олендері" (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т.б. 40-тан аса кітаптың авторы

"Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жүлдыз" газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы болады.


«Неткен сұлу,неткен көркем» фотошоп 3-асу

(Фотошопты тамашалау арқылы өз ойларын ортаға салу,еркін пікір)

«Қазақстан- туған өлкем» әңгімелеу

Отан

Көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да туысқан халықтар.Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Өйткені ол – біздің Отанымыз.

туған халқының, ұлттың қасиетті мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері.

Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.Ол туған өлкесі

Туған жер

Туған өлке

Атамекен

әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері,кіндік қаны тамған жер


Оқулықпен жұмыс 4-асу

  • ØІштей оқу
  • ØМәнерлеп оқу

Дәптермен жұмыс Түртіп алу стратегиясы

(Таныс емес сөздерді оқушылап өздері табу керек)

  • ØЖұпар - өте жақсы, хош иіс.
  • ØШалқып, тасқан - өркендеген;
  • ØБақыт тапқан - бақытты.

Мәнерлеп оқу сайысы 5-асу

Оқушылардың өлеңді нақышына келтіре оқуы

Сергіту сәті «Қара жорға» би қимылымен билеу

«Жұлдызды сәт!» ойыны Мәтінді талдау 6-асу

(Өздеріне жұлдызша жинақтау арқылы)

  • üАқын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?
  • üАлтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді қалай түсіндің?
  • üТуған өлке тағы несімен көрікті?
  • üТуған жерді көркейту үшін сен қандай үлес қосасың?

«Менің пікірім» 7-асу

Оқушылардың пікірі тыңдау

Өз туған жерің несімен ғажап?


Қорытынды.... «Туған өлкем» «Еркін ойлар» 8-асу

Туған өлкем

ауасы

табиғаты


адамдары

топырағы

орманы

құстары


Үйге тапсырма: «Туған өлкем» өлеңін жаттау.
Бағалау. Кері байланыс

Таудың биік шыңына шығу,ұпайы көп оқушы бірінші шығып, «жеңімпаз» атанады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 212.11 Kb
Количество скачиваний: 133
Просмотров: 351

Похожие материалы