Здесь была ссылка на работу Тәуелдік жалғау түрлері . автора Елемесова Акназик Адилбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тәуелдік жалғау Лексикалық тақырыбы: Алматы – әсем қала Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға тәуелдік жалғауы жайлы мағлұмат беру, сөздерде тәуелдік жалғауын ажырата білу ә) Мәтін арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту б) Оқушылардың Отанын, елін, жерін сүйуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Балалар, біз бүгін Алматы қаласымен тәуелдік жалғауы туралы білімдерімізді тереңдету мақсатында сабағымызды бастаймыз. Сабағымыздың мақсаты мәтіннің мазмұнын игеріп, сұраққа жауап беру арқылы мазмұндау және мәтіндегі сөздерді тәуелдеу. ІІ. Ой қозғау 1. Алматы қаласы туралы не білесіңдер? 1. Алматының символы? 1. Алматы қаласының табиғаты қандай? Алматы қай таудың баурайында орналасқан? 1. Алматыда қандай кешендер бар? ІІ. Мәтінмен жұмыс Алматы – әсем қала. Алматы – Қазақстанның ең ірі , ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы – мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы - әлемде–сирек кездесетін атақты апорт алмасы. Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан. Болашақта Алматы ірі қаржы орталығына айналмақ. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар: