«Тәуелсіздік – ел тұғыры.»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шарипова Айгуль Амангельдиевна
|
Мақсаты:Ұзақ жылдар бойы бостандық үшін күрес жолында қан да,жас та, тер де төгілген Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат екенін көрсете отырып, сол кезеңнің көрнекті өкілдері,халқымыздың мұңын ойлаған, қазақтың жазықсыз жалаға жанын қиғандарды, Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын үлгі-өнеге ете отырып,оқушыларды елін,жерін қорғауға дайын болуға,қоршаған ортаны аялауға және өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Түрі:Кіріктірілген әдеби-музыкалық композиция.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,үн таспа.
Өту барысы:
1.Кіріспе сөз.
«Тәуелсіздік – ел тұғыры.»
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,оқушылар! Ғасырлар бойы азаттық аңсаған бабалардың жолы азапты,тағдыры ауыр болғаны анық.Талай зорлық,зобалаңды,алапат қырғынды бастан кешірді.Сонда да ұлт ретінде сақталып,бірлігі берік ел күйінде қала білді.Олай болатыны,мың өліп,мың тірілген өр рухты халқымыз елге қамқор батырлар мен ие болар даналарға кенде болмағаны белгілі.Ең бастысы,халқымыздың еркіндікті аңсаған тәуелсіздік рухы мықты еді.
Желтоқсан құрбандары: Ляззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев т.б.
Желтоқсан құрбандарын еске алу сәті. (1 минут үнсіздік жариялаймыз)
Қайрат Рысқұлбеков Желтоқсан көтерілісі тұсында 20-ның үстінде ғана болатын. Бала кезінен зерек Қайрат мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Ақындық, суретшілік қырынан танылып, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екенін де көрсетеді. Онжылдықты бітіргеннен кейін туған ауылында бір жылдай жұмыс істеп барып, әскери борышын өтеп келеді. Сол бойда Алматы сәулет-құрылыс институтына түседі. Желтоқсан оқиғасы тағдырын түбегейлі өзгерткен талантты жас «Көтеріліске қатысып, С.А.Савицкийді өлтірді» деген айыппен ату жазасына кесіледі.
1.Оқушы.Жалғас. «Ақтық сөз.» Қайрат Рысқұлбеков.
Ляззат Асанова
Ләззат-Ербол туып-өскен Қызылеспенің шығыс жағында,15-20 шақырымдай қашықтықта орналасқан Ақжазық ауылының өрені.Сәні мен сымбаты,талабы мен таланты қатар ұштасқан аққудың көгілдіріндей балауса жас домбыра,пианино тартып,ән айтқанды ұнататын. Бойдағы сол табиғи талант жетегімен Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесінің скрипка класына келіп түскен.Санаулы ғана уақыттың ішінде тек жақсы жақтарынан көрініп,болашағынан үлкен үміт күттірген Ләззатқа ұстаздары «болашақ Айман Мұсаходжаевамыз» деп қарайтын.Дарынды жас болашақта білімін консерваторияда жалғастыруды ойлаған.Бірақ маңдайына тағдыр оны жазбапты.
2.оқушы.Арайлым.Қаһарман қыз-Ляззат қыз.
Қаһарман қыз,ғажап қыз,
Ұрандады Ляззат қыз
«Біз қазақпыз,қазақпыз!
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен
Сонда ғана азатпыз»
3оқушы.Әділбек.Мухтар Шаханов. «Жаркентте Желтоқсан Қырандары.»
Алау етіп,жалау етіп намысын
Өқ ұлтының тілі,рухы,ары үшін,
Желтоқсанда қаза болған қос қыран,
Қарап жатыр бізге жердің астынан.
Қарап жатыр уыз бала қалпында,
Ел ансаған өжғттік бар парқында.
4 оқушы.Самал.
«Ұлтың үшін,тілің үшін өр бол,
Өр болмасаң өр болғанға төр бол.
Егер,егер....ұлтты сақтай алмасаң,
Сақтар күшті тіпті жақтай алмасаң,
Бүйтіп тірі жүргеніңше бор бол,
Рухын сатқан ұлтсыздарға қор бол.»
Деп тұрғандай Ляззат пенен Ербол.
Жүргізуші: Нәтижесінде Қазақстан бүгінде халқының әлеуметтік турмыс жағдайы жақсарған,экономикасы өркендеп,дамыған іргелі елге айналды.
Қайраттың хаты:(Назерке) Амансыздар ма туған-туыстарым! Мені нақақтан абақтыға отырғызғанына сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп, шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп, мен де топ ішіне кіріп,көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғандарымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісін емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар.
5 оқушы «Түрме жыры» (Қайырғали)
Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!
Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.
6 оқушы: Қайрат Рысқұлбеков. «Ана тілі» Темирлан.
«Мен-қазақпын мың өліп,мың тірілген.»
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
«Жаман үйді қонағы билейді.» деп,
Қала жаздап айрылып өз тіліменен
Өзге тілге електеп ел болмайсың
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Жүргізуші: Ербол Сыпатаев- ол кезде 22 жаста болса, оның жерлесі, көтерілісті басып-жаныштаушылардың аяусыз соққысынан апат болған Ляззат Асанова небәрі 16-дағы жауқазын жас еді. Екеуі де басынан қатты жарақат алып, шүйдесі ойылған. Екеуіне де «жоғарғы қабаттан құлап, қайтыс болды» деген айдар тағылған.
Тумысынан ақкөңіл,адал,ағайын-туыс пен дос-жаранына да сыйлы да сүйкімді Ербол ол кезде Алматы энергетикалық институтының 2-курсында оқып жүреді. Ерекше бауырмал, еті тірі тұңғыштары жоғары оқу орнына түскенде ата-анасы «қалған бауырларын осы сүйреп етеді әлі» деп үміт етсе керек.
«Сөзге сыймас,алып тұлғаң,өренім.» /Ербол Сыпатаевқа./
7 оқушы.Нұркеш.
Сендей ұлды жаратқанға мың тәуба,
«Ербол» атаған ата сөзінде мін бар ма ?
Танылдың елден біртуар ұл боп халқына,
Желтоқсанның алауы жанған мұз-қарда.
8 оқушы.Абылай.
Ұлттық мүдде төңірегінде бас қосып,
Қауымдық мінез көрсеткен үлкен айқаста.
Жас өркенім,Ерболым-ай,айбатым,
Халқына аңыз- өрлік пен ерлік,қайратың!
9 оқушы.Анеля.
«Ұлтымыздың батыры кім?» деген сұрағын,
Көтеріп кеткен туған елінің ұранын
«Қайратың менен Ерболың,қалқам емес пе?!»
-деп шәкірттеріме жауап беріп тұрамын.
10 оқушы.Аймөлдір.
11 оқушы.Жұлдыз.
12 оқушы.
Жүргізуші: Бодандықты шынжырлап,маталған ескі өмірді қиратқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын 27 жыл толмақшы.Желтоқсан оқиғасының лебімен көкжиегімізден азаттық пен тендіктің таңы атып,қазақ елі Тәуелзідікке қол жеткізді.
Тәуелсіздік-қазақтығы қазақтың
Тәуелсіздік-жойылуы азаптың!
Биіктей бер,асқақтап,жомарт халқым,
Өркендей түс,аяқталды тозақ күн.
Жүргізуші: Осымен әдеби – композициялық кешімізді аяқтаймыз назарларына рахмет.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.47 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |