Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Тақырыбы: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым. Мақсаты: Жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың  құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру. Көрнекілігі: интерактивті тақтада жинақталған суреттер, қанатты сөздер. Барысы: Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым » атты кешімізді назарларыңызға ұсынамыз. («Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.) 1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 2-жүргізуші: Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары, Қатпарында қаншама сыр тықпады? Шежіренің беттерін ашар о да, Оқи алсаң кітаптай , сүртіп қанын. 1-жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн , бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар қоңтайшыларының басқыншылық әрекеті еді.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық үшін күресі барысындағы өте елеулі оқиға –Аңырақай шайқасы. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. («Көшпенділер» фильмінен көрініс)   1-оқушы:Ықпаған ығыр заман ыңғайына, Бозторғай ұя салған таңдайына. Үш бидің тастап кеткен өсиеті, Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда. 2-оқушы: Төле бидің монологы: «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. Тұрған жерін тұрақтаған, тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.» 1-жүргізуші: Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктерген тәуекелге бел буған Абылай хан еді.   3-оқушы: Абылай: Азаттық жолы азапты, Төземісің, әлеумет! Төзсең егер, әлеумет, Зорлықты жеңер ынтымақ. Қорлықты жеңер ар-намыс. Шығарар тардан тәуекел. Тәуекелге бел байлап, Қазақтың қайсар намысы Болмасын деп қара жер. Жойқын жаудың жолында. Жойылмасын деп қайран ел, Азаттықтың қаны үшін, Болашақтың бағы үшін Ұлы жорық бастаймын! Еремісің, әлеумет!
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.19 Kb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 177

Похожие материалы