TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Сайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады.

Сондай сайт жасау бағдарламаларының бірі - TurboSite программасы. TurboSite программасы – тегін сайт жасауға және сайт және электронды оқулық жасауға арналған шағын программа. Бұл программаның тиімділігі әр мұғалім өздеріне сайт және электронды оқулықтарды жеңіл, оңай және жылдам жасап ала алады.

Сайт немесе электронды оқулық құру үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындау керек:

Бұнда Жоба құру батырмасын басып, өзіміздің шағын сайтымызды құруды бастаймыз. Сонымен қатар мұнда сайтқа немес электронды оқулыққа арналған стандартты шаблондар таңдап алуымызға болады.

 

TurboSite программасында мәтіндік құжаттар мен суреттерді, видеоларды еш қиындықсыз салуға болатынын айта кетуге болады. Беттерді толтыру барысында әр бетке атау немесе бөлімдерді жазып отыру керек.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.49 Mb
Количество скачиваний: 106
Просмотров: 312

Похожие материалы