"Ұтымды тамақтану" сабақ 5 сынып
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Дәрібаева Баян Қалмағанбетқызы
|
Мақсаты: Оқушыларға тамақтану тәртібі мен тағам құрамы , дәрумендер жайлы түсінік бер.
Әр атпал азамат баладан өседі.Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «баланы жастан» дейтініде сондықтан.Бала тәрбиесіндегі ең басты мәселенің бірі-оны дүрыс тамақтандыру.Өйіткені дүрыс тамақтанған баланың денсаулығы да зор болып өседі.
Әрине,жаңа туған жас нәресте өмірінің алғашқы айларында, көбіне 1 жасқа дейін,емшек сүтін емеді. Емшек сүттімен оның организмінеқажетті заттар жеткізеді. Ал 1 жастан 1,5жасқа дейінгібалалар тағамыәр түрлі болуға тиіс.Олардың құрамына сүзбе, ірімшік, ет,бидай наны,қант, майда жарма,қарақұмық жармасы,күріш,картоп,капуста,сәбіз,қызылша,жас және кепкен жеміс,т.б енеді.Бұл өнімдердің әрқайсысынан бала үшін арнайы тағам дайындаудың қажеті жоқ.Жалпы отбасы үшін пісірілген көкеніс сорпасынан 1-2 қасық, еттен бір кесек,тағы басқалардан осындай аз-аздан беріп отырса жетіп жатыр.
«Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» дегендей, ұтымды тамақтану, яғни, денсаулықтың мықтылығы адамның немен және қалай тамақтануына тікелей қатысты екенін естен шығармау қажет. Америкалық диетолог Поль Бруг «Адам 99 пайыз дұрыс тамақтанбаудан зардап шегеді» депті. Демек, тамақты жеткілікті деңгейде ішу керек. Тамақты артық ішу де зиян. Мәселен, дамыған елдерде ересектердің 50 пайызға жуығы салмақтан артық зардап шегеді екен. Тамақты артық ішу артық салмақ қостырып, холестериннің көбейуіне әкеледі. Дененің майлануы атеросклероз (қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы) бен жүректің ишемиялық (қанның бір жерде азаюы) ауруларына себеп болады. Сондықтан, қалыптан тыс тамақтануға болмайды.
Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май. көмірсу, микро- және макроэлементтер фосфор, кальций. натрий, йод, кобальт, қалайы, марганец, калий және т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер,
органикалық қышқылдар, неше түрлі фитонцидтер, крахмал бар, клетчаткалар болады.
Ұтымды тамақтану — ол клеткалар (жасушылар) қазақша құ-рамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану.
Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз кетеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Егер күнделікті қолданылып жүрген азық-түлікте сіңімділігі жағынан құнды тағамдар жеткіліксіз болса, мұның өзі адамның денсаулығына, көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді деп, жазады Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінін, бірінде
Профессор Шерманның айтқанындай, тағамның көмегімен сіз өзіңіздің организміңізге оның жастығы мен саулығын ұзартуға қажетті өмірдің ұзақтығын арттыруға алғашқы қадам жасау үшін өзіңізді «клеткалардың шөліркеуі мен ашығуын» басатын оңтайлы әдіске үйретуіңіз керек. Ең алдымен дұрыс тамақтану жөнінде қысқаша әңгімелеп өтейік. Ұтымды тамақтанудың негізгі принциптерін білу арқылы сіз салауатты өмір сүре алатын боласыз. Басқаша айтқанда, тепе-тең тамақтана білу 180 жасқа жету жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл үшін күнделікті тағам мәзірінде белгілі мөлшерде белоктар (бұршақ, жаңғақ, т.б.), майлар (өсімдік майы), сондай-ақ, витаминдер мен минералды заттар (көкөністер) болуға тиіс. Күнделікті тағамда крахмал мен қантты молынан пайдалану денсаулыққа зиян екенін есте ұстаған жөн.
Асханада тамақтану кезіндегі әр оқушының өзін -өзі ұстау мәдениеті
*Тамақ алдында және тамақтан соң қол жуу –адамды көптеген ауру сырқаулардан сақтайды;
*Тамақ ішкенде жағымсыз сөз, жиркенішті заттар айтылмайды;
*Кезекті шайнамды жұтып болмай, аузыңызға басқа тағам салмаңыз, әбден шайнап болған соң жұтады;
*Түрегеп тұрып тамақты жеуге болмайды;
*Су ішде ішу мөлшеріне көзқарас өзгеріп отыр.
Бұрын тәулік ішінде пайдаланатын тағамның көбірек мөлшері кенде ыдысты бірден төңкере салмай, бөліп-бөліп ішкен жөн. Тамақты аузыңа аз-аздан сал;
Тамақты тәулік ішін
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.75 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |