Тұңғыш президент күніне арналған сабақ жоспары+(флипчарт)

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Уақыты

28.11.2012 жыл

10 «в» сыныбы

Сабақ тақырыбы:

Халқын сүйген жүрек         (Президент күні мерекесіне арналған)

Сілтеме

http://kz.kaztrade.ru           .http://www.akorda.kz/

Жалпы мақсаттар

Алғашқы президент күнінің маңызын ұғындыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық жұмысқа баулу. Өзіндік ой-пікір қалыптастыра білуге дағдыландыру. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз елдің тәрбиелі, білімді азаматы болуға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Президент күні мерекесінің маңызын ұғына білу, елбасының қолдауымен Қазақстанның жеткен жетістіктерін түйсіне білу,  Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. сабақ тақырыбына қатысты өзіндік ой-пікірлерін ашық айта білуге, өз жобаларын көпшілік алдына ұсына білуге дағдылану.Мағлұматтарды өз беттерімен зерделеп, зерттей білу. Сыни тұрғыдан ойлана білу.

Негізгі идеялар

Елбасы - мемлекеттік институттар иерархиясында жоғары орын алатын және елдің ішінде мемлекеттің жоғары өкілеттігін білдіретін жоғары лауазымды тұлға.

Тапсырмалар

1.      Ой толғаныс. «Менің президентім»

2.      Ғылыми ізденіс. Топтардың «Қазақстанның болашағына жарқын қадам» тақырыбындағы жобалары

3.      Егер мен президент болсам....

Сабақтың түрі

Танымдық сабақ

Сабақтың әдісі

Ой қозғау, шығармашылық ізденіс

Қосымша тапсырмалар

«Қазақстан 2030 жылы қандай деңгейде болады?»  тақырыбына шағын эссе жазу

 

 

 

Жүргізетін жұмысым

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың  іс-әрекеті

Үзіліс кезінде

 

                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

                           

3  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 6  минут

                             

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.                                                 І.Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу                                 («Бірлік», «Ынтымақ», «Достық» топтары).

Әр топ өз топтарының атына сай бірлік, ынтымақ, достықтарын қандай қимылдар арқылы білдіреді екен?

ІІ.Кіріспе сөз. –Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің  бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға мектебімізге қош келдіңіздер деп айта отырып, сабағымызды бастайық.

(тақтада елбасының, кітаптарының суреттері слайд түрінде көрсетіліп тұрады.                                                        Серпігенде бодандықтың тұманын,                                                Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.                                                  Өзің болдың көшбасшысы елімнің,                                                      Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

- Ал, балалар осы өлең жолдарын тыңдай отырып және тақтада көрсетілген суреттерге қарап бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта деп ойлайсыңдар.

Оқушылар жауаптары тыңдалады.

- Иә, балалар,біздің бүгінгі сабағымыз биылғы жылы алғаш рет тойланғалы отырған еліміздің тұңғыш президенті күні мерекесіне арналады.

Ендеше, сабағымыздың тақырыбымен таныс болыңыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Халқын сүйген жүрек»  деп аталады.

ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны жіберіледі.

 

ІҮ. Ой толғаныс

Тұңғыш президентімізге оқушы көзімен қарайық. 

Тақырыбы: «Менің президентім»                                                                  (топтар жұмыс жасап жатқан кезде «Нұр-аға» бейнебаяны жіберіледі.)

Әр топтың  жауаптары тыңдалған соң қол шапалақтау арқылы марапаттау.

Ү. Шығармашылық жұмыс                                             «Қазақстанның болашағына жарқын қадам» тақырыбында әр топ дайындап келген жобаларын қорғайды.

Жоба мақсаты: Дамыған елдің ізденімпаз азаматын қалыптастыру.

Әр топтың  жауаптары тыңдалған соң қол шапалақтау арқылы марапаттау.

ҮІ. Қорытындылау.

-Жарайсыңдар, оқушылар! Сіздердің бүгінгі сабақта жасаған жұмыстарыңызға қарап, елбасының ел мүддесі үшін атқарған істеріне тәнті боп отырмыз. Ендеше,                «Ел ертеңі – бүгінгі жастардың қолында» десек, енді сол халық қалаулысының орнына бір сәтке өздеріңізді қойып көріңіздерші?....Өздерің болашақта ел басқарсаңдар, президент болсаңдар, ел игілігі үшін қандай істер атқарар едіңіздер?

Осы ой төңірегінде әр топ өзіндік ой-пікірін айтып өтсе.

ҮІІ. Үй тапсырмасы                                                                          «Қазақстан 2030 жылы қандай деңгейде болады?»  тақырыбына шағын эссе жазу.

ҮІІІ. Бағалау.

-Бүгінгі сабағымыздың соңы бағалау бөліміне де келіп жеттік. Мен бүгін сендерді формативті бағаламақшымын. Әлемдік деңгейде өзіндік орын ала білген жас мемлекеті- міздің тәуелсіздік туын әрқашан жоғары ұстар қайсар ұланы болыңдар деген тілекпен ұл балаларға көк туымыздың үлгісін сыйламақпын. Ал, қыздарымызға Қазақстанның байтақ даласында алаңсыз жайқалып өскен гүлі болыңдар деген тілекпен раушан гүлін ұсынбақшымын.

Рефлексия                                                                           Мұғалім: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді стикерге жазып, кері байланыс тақтасына іліңіздер.           Назарларыңызға рахмет! Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Мұғаліммен сәлемдесу.  Оқушылар топқа бө- лініп, өз үстелдерінің басына жиналады.                

 Топтар түрлі қимылдар арқылы достықтарын білдіреді.                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұранды тыңдайды.

 

Топтар «Менің президентім» тақырыбында ойларын ортаға салып, өздері білетін мәліметтерді қағаз бетіне түсіріп, жауап береді.

 

Әр топ жобаларын презентациялайды.          (мультимедиялық тақта- дан слайдтар көрсетеді)

 

Оқушының көңілі көтеріліп, сабаққа ынтасы артады.

                                            Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады. Өзіндік ұсынысы мен ойын нақты айтуға тырысады.

Ауызекі сөйлеу тілі дамиды.

 

 

Оқушылар қосымша ізденеді.

 

Оқушылар бағалаудың бұл әдісінің жағымды жақтарын байқайды.

 

 

 

Сабақтан алған әсерін   парақшаға  жазып,жапсырады.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.94 Mb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 148

Похожие материалы