"Тыйым сөздер" естімейтін арнаулы класс оқушыларымен өткізілген тәрбие сағаты
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Мажикова Кенжегул Кыстаубайкызы
|
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тыйым сөздер
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушылардың тыйым сөздер туралы түсінігін кеңейту, алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау;
ә) тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу; оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкеннен өнеге ала білуге үйрету;
б) дамытушылық: балалардың сөздік қорын толықтыру, есте сақтау,
ойлау қабілеттерін арттыру;
в) коррекциялық: дұрыс сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.
Сөздік: ырыс, береке
Қолданылған көрнекілігі: суреттер, карточкалар, сызба.
Қолданылған әдістер: сұрақ – жауап, ойын
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
- Қабылдағышты киіңдер.
- Сен қалай естіп тұрсың?
- Мен жақсы естіп тұрмын.
- Сыныпта оқушылар түгел ме?
- Сыныпта оқушылар түгел.
- Қазір қандай сабақ болады?
- Қазір тәрбие сағаты болады.
ә) Психологиялық-пед.бейімдеу. «Жылулық сыйла әлемге»
II. Тыныс жаттығуы.
Кезекші дыбыспен жұмыс: [Т, Д] Тыңда және қайтала:
[Таға – тағала]
[Дала – далада]
[Атты тағала]
[Далада қар жауып тұр]
Тіл жаттығуы.
- Айнұр, Рашидтен сұра: Біз қай елде тұрамыз?
- Біз Қазақстанда тұрамыз.
- Рашид, Гүлімнен сұра, оның ұлты кім?
- Менің ұлтым қазақ
- Гүлім, Айнұрдан сұра, біздің елбасымыз кім?
- Біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
- Қайтала: «Қазақстан – тәуелсіз ел».
III.Сабақтың тақырыбын хабарлау, жеке-жеке, топпен оқыту.
Сөздікті қайталау:
Сөздік: ырыс, береке
Тыйым сөздер біздің өмірімізде өте көп. Тыйым сөздерді ата - әжелерің, әке, аналарың, апа – ағаларың үнемі айтып отырады.
Мысалы: Есікті керме.
Тізеңді құшақтама.
Сүтті төкпе.
Жағыңды таянба.
өтірік жылама,, т.б.
Неліктен бұл сөздер тыйым сөздер деп аталады? Кейбір сөздердің мағыналарын өткен сабақта айтқан едік. Еске түсіріп көрейік:
- Неге есікті керме дейді?
- Есікті керсе, үйден береке кетеді.(берекесі кету – ұрыс, жанжал)
- Неге сүтті төгуге болмайды?
- Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу - жоқшылық)
- Неге өтірік жылама дейді?
- Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады - қайғы)
Ойланайық: ұрыс, жанжал, жоқшылық, қайғы
- Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?
- Жамандық.
- Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан, бұл сөздер тыйым сөздер деп аталады.
IV.Мына суреттерге қараймыз. Бұл суреттерге қарап, қандай тыйым сөздер айтуға болады? (Оқушылар суреттерге байланысты тыйым сөздерді атайды, мағынасын түсіндіріп тұрамын)
Тізеңді құшақтама. Нанды жерге тастама Жағыңды таянба
Бетіңді баспа Есікті керме Беліңді таянба
V. Балалар, сендердің қандай тыйым сөздер білетіндеріңді тексеріп көрейік. Ойын ойнаймыз. «Орамал тастау» ойыны.
Ойын шарты: орамал алған оқушы тыйым сөз айтады. Айта алмаған оқушы ойыннан шығады.
- Біз не істедік?
- Біз «Орамал тастау» ойынын ойнадық.
VІ. Бекіту сұрақтары:
- Біз қандай тақырып өттік?
- Біз «Тыйым сөздер» тақырыбын өттік.
- Біз сабақта не істедік?
- Біз сабақта тыңдадық, сөйледік, сұрақтарға жауап бердік, ойын ойнадық.
- Біз нені үйрендік?
- Біз тыйым сөздерді үйрендік.
VI. Сабақты қорытындылау. Сызбаны толтырамыз.
Оқушылар кеспе карталардағы сөйлемдердің көмегімен сызбаны толтырады:
Нені білдім?
Нені үйрендім?
Нені білгім келеді?
.
VII. Оқушыларды мадақтау.
VIII. Сабақты аяқтау.
Тыйым сөздерді білу қажет. Сенбі, жексенбі күндері үйге барғанда үлкендерден тыйым сөздерді сұрап, жаттап алыңдар.Тәрбие сағатының тақырыбы: Тыйым сөздер
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушылардың тыйым сөздер туралы түсінігін кеңейту, алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау;
ә) тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу; оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкеннен өнеге ала білуге үйрету;
б) дамытушылық: балалардың сөздік қорын толықтыру, есте сақтау,
ойлау қабілеттерін арттыру;
в) коррекциялық: дұрыс сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.
Сөздік: ырыс, береке
Қолданылған көрнекілігі: суреттер, карточкалар, сызба.
Қолданылған әдістер: сұрақ – жауап, ойын
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
- Қабылдағышты киіңдер.
- Сен қалай естіп тұрсың?
- Мен жақсы естіп тұрмын.
- Сыныпта оқушылар түгел ме?
- Сыныпта оқушылар түгел.
- Қазір қандай сабақ болады?
- Қазір тәрбие сағаты болады.
ә) Психологиялық-пед.бейімдеу. «Жылулық сыйла әлемге»
II. Тыныс жаттығуы.
Кезекші дыбыспен жұмыс: [Т, Д] Тыңда және қайтала:
[Таға – тағала]
[Дала – далада]
[Атты тағала]
[Далада қар жауып тұр]
Тіл жаттығуы.
- Айнұр, Рашидтен сұра: Біз қай елде тұрамыз?
- Біз Қазақстанда тұрамыз.
- Рашид, Гүлімнен сұра, оның ұлты кім?
- Менің ұлтым қазақ
- Гүлім, Айнұрдан сұра, біздің елбасымыз кім?
- Біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
- Қайтала: «Қазақстан – тәуелсіз ел».
III.Сабақтың тақырыбын хабарлау, жеке-жеке, топпен оқыту.
Сөздікті қайталау:
Сөздік: ырыс, береке
Тыйым сөздер біздің өмірімізде өте көп. Тыйым сөздерді ата - әжелерің, әке, аналарың, апа – ағаларың үнемі айтып отырады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 4.4 Mb |
Количество скачиваний: | 2 |