Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Джексембинов Серижан Беркутбаевич
|
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену
Сыни тұрғыдан ойлау « ойлау туралы ойлану » деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Базалық деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
- релеванттық ақпараттар жинауды;
- дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
- кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
- ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен білім беруді сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдылықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.
Сыни тұрғыдан ойлау мен мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары төмендегідей сипатталады:
- бақылау;
- талдау;
- қорытынды;
- интерпретация.
Қазіргі уақытты барлық ғылымдардың зерттеулерінде ана тілі сабағында диалогтік әдісті қолдану өте тиімді. Ана тілі сабағында тартымды, қызықты жаттығулар орындау барысында, ойды дамытып тартымды әрекетке айналдыру мұғалімнің бүгінгі күнгі басты міндеті болуы керек. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл саналы мағынаны іздеу өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да объективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Сыни ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 544.35 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |