Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның оқыту үшін бағалау модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Адамзат табиғатының терең қасиеттерінің бірі адамдардың

өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлықболып табылады»

У.Джеймс.

Бағдарламада көрсетілген жеті модульдің бірі- «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» болып табылады. «Бағалау» терминінің өзі«жақын отыру» дегенді білдіреді.( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық57- бет). Бағалаудың екі түрі бар. Олар формативті және жиынтық бағалау болып табылады. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың» тарихы тереңде екенін мен осы Кембридж Бағдарламасы бойынша оқуға келген кезімде білдім. (Александердің 2001) жылы айтқан сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды деген. Осы орайда оқушыларды ынталандыру құралының бірі екенін айта кету артық болмасы сөзсіз. Бағалаудың басты мақсаты- оқушының іс- әрекеттерін, туындаған қиындықтарды жеңе білуін, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері мен дамуы, айталық алынған ақпаратты түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.Оқушылардың оқып алған білімдерін өздерінің түсініктерімен жеткізе алатын оқушы болса, мұғалімдер үшін де,оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 55 бет).

Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 58 - бет).

Бағалаудың мақсаты оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістіктер туралы кері байланыс орнату, ынталандыру. Оқушының өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып барады:

  1. Психикалық дамудың тежелуі;
  2. Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер;
  3. Жаман мінездің қалыптасуы:

Мен өз тәжірибемде бағалаудың әр түрін қолдануға тырыстым. Себебі өзін-өзі бағалау критерийлері бойынша бала өзіне баға беру арқылы өзін-өзі реттеуді үйренеді, ал топтағы оқушыларды бағалау арқылы салыстыра білуге шынайылыққа үйренеді.

Бұрынғы кезде бағалау тек мұғалім оқушыны бағаласа , ал қазіргі кезде бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.69 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 118

Похожие материалы