Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу, 2-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Каерлиева Назгуль Канатовна
|
Орта мерзімді жоспарды құруда ҚР 2012ж. 23-тамыздағы №1080 бұйрығымен бекітілген МЖМББС, 03.04.2013ж. №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын, Әдебиеттік оқу, "Атамұра", 2-сынып оқулығын, мұғалімге арналған нұсқаулықты, бағдарламаны, он-лайн тапсырманы басшылыққа алдым.Осы пәнінің "Атадан қалған асыл мұра" тарауындағы төрт тізбектелген сабақтар топтамасын құруды жоспарладым. Жоспар құруда Бағдарламаның барлық жеті модулін ықпалдастыруды қарастырып, оны тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырдым.
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулін қолдануда оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына, олардың өзара әңгімелесуіне, бір-бірінің пікірлерін тыңдауларына, ой қорытып, ортақ шешім қабылдауына жұптық, топтық оқыту нысанын көздеп, "Галерия", "Қар үйіндісі" әдістерін іске асыруды болжадым.Қолайлы оқу үшін оқушыларға кері байланыс пен мадақтау қажет екендігін ескеріп, сабақ соңында кері байланыс, рефлексия парақтарын қолдануды жөн көрдім.Оқушыларға рефлексия ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылып талдауға көмектеседі.
Сыни ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, іс-әрекеттерді түрлендіруге дайын болуға баулитындығын ескеріп, сабақтарымда "Қар үйіндісі, ассоциация, "Кубизм", "Мозайка", т.б. әдістерді қолдануды жоспарладым.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 32.95 Kb |
Количество скачиваний: | 40 |