UNIX-Linux тұтастығындағы операциялық жүйелердің файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау негізгі командалары
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ізбасаров Қанат Наурызұлы
|
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі Windows XP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі Windows NT-дан жоғары, ал көп қолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
Файлдар және каталогтар.
Көптеген операциялық жүйелерде (сонымен қоса UNIX-те) файлдар концепциясы бар, бұл файлдың көмегімен жұмыс жеңіл орындалады, файл дегеніміз ақпараттар жиынтығы және оған ат беруге болады. Файлға мысал ретінде мынадай бағдарламаларды аламыз: электрондық пошта арқылы алынған хаттар, сіз жазған мақалалар, орындауға болатын бағдарламалар.Дискте сақталған барлық мәліметтер жеке файдарда сақталатыны айқын.
Файлдар аты арқылы ажыратылады. Мысалы, сіздің мақалаңыз жазылған файл my-paper деген атпен сақталуы мүмкін. Бұл файлдардың аттары мазмұнын көрсетіп тұрады. Ұзындығы 256 символдан тұруы мүмкін, басқа операциялық жүйелердегідей стандартты форматы жоқ. Ал толық аттардың ұзындықтары 4096 символға дейін жетеді.
Сонымен қатар каталогтар концепциясын да қарастырайық. Каталог дегеніміз файлдардың жиынтығы.Оны ішінді әртүрлі құжаттар бар «бума» ретінде қарастыруға болады. Және де қалаған ат беруге де болады. Каталогтар бұтақ тәріздес құрылымды бола алады, және оның құрамында көптеген каталогтар болуы мүмкін. Ең сыртқы каталог аталық каталог деп аталады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.05 Kb |
Количество скачиваний: | 58 |