Урок ''Білімдерді және білімдер базасын айқындау''

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

ББ-ның негізгі элементі ЖИ жұмыс істеуі тиіс пәндік сала туралы білім болып табылады.

Білім – сипатталатын проблема туралы хабардар болудың белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін, біртұтас сипаттама құратын мәліметтердің жиынтығы.Білімдердің мәліметтерден айырмашылығына келетін болсақ, мәліметтер тек уақыттың сол өту сәтіндегі объектілердің немесе объектілер тобының нақты жай-күйін ғана сипаттайды, ал білім мәліметтерден басқа, осы мәліметтерді қалай операциялауға болатындығы туралы мағлұматтарды құрайды.

Сипаттауды  жинақтау дәрежесі бойынша білім мына төмендегіше бөлінеді:

1)      жалпылыма – пәндік саланың жекелеген ұғымдары арасындағы сепеб-салдарлық  қатынастардың жиынтығын сипаттайды,

2)      терең – пәндік салада болып жатқан барлық үдерістерді терең түсіну көрсететін абстракцияға, аналогияға, үлгілерге қатысты.

Терең ұғым базасына ену жүйені неғұрлым икемді әрі бейімделгіш етуге мүмкіндік береді, өйткені терең білім бастапқы қарапайым ұғымдарды  жобалаушының немесе сарапшының жинақтау нәтижесі болып табылады.

   Құбылыстардың көріну дәрежесі бойынша білім төмендегідей болып бөлінеді:

1)      қатаң – бастапқы жағдайларды беру кезінде біртекті нақты ұсыныстама алуға мүмкіндік береді,

 

2)      ұяң  - көптеген шашыраңқы шешімдер және көп нұсқалы ұсыныстамаларға жол береді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.3 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 81

Похожие материалы